2025 жылдың 9 қарашасында Алматы қаласы, Наурызбай ауданы, Алтын Орда көшесі, 6а мекенжайында орналасқан «Perzent» жекеменшік қайырымдылық балалар үйінің аумағында болған өртке қатысты ақпараттық мәлімдеме.

Барлық 35 бала мен қызметкерлер дереу эвакуацияланды. Зардап шеккендер жоқ. Балалар қауіпсіз бөлмелерге орналастырылды және қажетті көмек пен қолдауды алып жатыр.

Өрттің таралу қаупі жойылды. Өрт локализацияланды. Алматы қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің бөлімшелері оқиға орнында жұмыс істеп жатыр.

Алматы қаласының Әкімі Дархан Сатыбалды және басқарма басшылары оқиға орнында. Қазіргі уақытта уақытша тұру, тамақ және қаржылық қолдау көрсетілуде.

Алматы қаласы Білім басқармасы қажетті көмек көрсетіп жатыр, балаларға психологиялық қолдау көрсетіліп берілді.

Жағдай қала әкімшілігінің бақылауында.