Ынтымақтастық және өзара іс-қимыл туралы мектеп спорт саласында келісімге қол қойылды

Ынтымақтастық және өзара іс-қимыл туралы мектеп спорт саласында  келісімге қол қойылды

Алматы қаласы Білім басқармасының «Алматы дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау жөніндегі орталығы, Алматы қаласы Білім басқармасының «Қалалық дене шынықтыру және спорт оқу-тәжірибелік орталығы» және «Мектеп спорты федерациясы» арасында ынтымақтастық және өзара іс-қимыл туралы мектеп спорт саласында келісімге қол қойылды

Келісімге қол қоюдың негізгі мақсаттары:

- Алматы қаласының білім беру субъектілерінде мектеп спортын дамыту;

- Халықаралық Мектеп спорты федерациясының жобаларына – Дүниежүзілік гимназиядаларға, Дүниежүзілік мектеп ойындарына және Дүниежүзілік инклюзивті ойындарда  дарынды балаларды анықтау және қолдау;

- Спорттағы еріктілер қозғалысын және жас спорт корреспонденттерінің қауымдастығын қолдау;

- Спортта дарынды балалардың халықаралық жобаларға қатысуын қамтамасыз ету;

- Дене шынықтыру және спорт саласында ғылыми зерттеулер ұйымдастыру, конгрестер, конференциялар, семинарлар және басқа да ғылыми іс-шаралар өткізу.