Алматы қаласының оқушылары «Менің Отаным – Қазақстан!» сурет байқауына қатысты.

Алматы қаласының оқушылары «Менің Отаным – Қазақстан!» сурет байқауына қатысты.

2025 ж. 23 қазанында Қазақстан Республикасы күні және Мемлекеттік егемендік туралы Декларацияның қабылданғанына 35 жыл толуына орай, Алматы қаласы Білім басқармасының Қалалық білім берудегі жаңа технологиялардың ғылыми-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен «Менің Отаным – Қазақстан!» атты қалалық сурет және сәндік-қолданбалы өнер байқауы өтті.

Байқаудың басты мақсаты – жас ұрпақтың бойында Отанға деген сүйіспеншілікті, ұлттық сана мен патриоттық рухты қалыптастыру, туған елінің тарихы мен мәдени мұрасына құрмет сезімін арттыру, шығармашылық қабілеттерін дамыту болып табылады.

Айтулы шараға Алматы қаласының жалпы білім беретін мектептерінен 7 – 17 жас аралығындағы 200-ден астам оқушы қатысып, өздерінің өнер туындылары арқылы еліміздің тәуелсіздігі, бірлігі, бейбітшілігі мен мәдени мұрасын көркем бейнеледі.

Сурет өнері мен сәндік-қолданбалы бағыттағы жұмыстарда қатысушылар түрлі техника мен материалдарды қолдана отырып, жүннен жасалған көркем картиналар, ағаштан ойылған бұйымдар, ұлттық нақыштағы паннолар мен көркем композициялар ұсынды. Әрбір туындыда оқушылардың елге, жерге деген сүйіспеншілігі мен азаматтық көзқарасы айқын көрініс тапты.

Қазылар алқасы байқау жұмыстарын тақырыптың ашылуы, креативтілік, көркемдік шеберлік, композициялық үйлесім және авторлық идеяның ерекшелігі бойынша бағалады. Нәтижесінде үздік деп танылған оқушылар дипломдармен марапатталды.           Мұндай шығармашылық байқаулар – жас ұрпақты елжандылыққа тәрбиелеуде ұлттық болмыс пен мәдени мұраға құрмет сезімін қалыптастыру бағытындағы маңызды іс-шаралардың бірі болып табылады. Республика күні – ел тәуелсіздігі мен мемлекеттіліктің символы. Сондықтан да балалардың бойында Отанға деген сүйіспеншілікті, мемлекеттік рәміздер мен ұлттық құндылықтарға құрметті қалыптастыру – әрбір тәрбие мен білім беру ісінің басты міндеті.

Қалалық білім берудегі жаңа технологиялардың ғылыми-әдістемелік орталығы ұлттық мұрамызды қастерлеп, дәстүрімізді дәріптеуге, елін, жерін құрметтеуге жетелейтін осындай ізгілігі мен игілігі мол іс-шаралар арқылы оқушылардың шығармашылық әлеуетін арттыруды, патриоттық сезімін күшейтуді және ұлттық өнерге қызығушылығын дамытуды мақсат тұтады.