Алматы қаласының педагог-психологтары арасында тәжірибе алмасуға арналған қалалық семинар

Алматы қаласының педагог-психологтары арасында тәжірибе алмасуға арналған қалалық семинар

Қазақстан Республикасы күні 🇰🇿 қарсаңында ұлттық құндылықтарды нығайту, бірлікті арттыру және педагог-психологтердің кәсіби өсуін қолдау мақсатында
2025 жылғы 24 қазанда Алматы қаласы Білім басқармасы «Психологиялық қолдау орталығының» бастамасымен жас педагог-психологтерге арналған қалалық семинар өтті.
Семинардың тақырыбы:
«Педагог-психологтердің кәсіби қызметін жетілдіру және тәжірибе алмасу».
Семинардың мақсаты: мектептердегі психологиялық қызметтің сапасын арттыру, тәжірибе алмасуға арналған алаң құру және педагогикалық ұжыммен өзара әрекеттестікті нығайту.
Семинарды «Психологиялық қолдау орталығының» директоры В. Коканова ашып, іс-шараның Республика күніне арналған маңыздылығын көрсетті. Ол бұл мерекенің тәуелсіздік, бірлік және даму жолындағы ұмтылыстың символы екенін ерекше атап өтті.
Бағдарлама аясында педагог-психологтердің қызметін реттейтін нормативтік-құқықтық құжаттар мен баяндамалар ұсынылды. Қаланың мектеп психологтері өздерінің кәсіби тәжірибелерімен, әдістемелік жұмыстарымен және тиімді тәсілдерімен бөлісті.
Семинардың қорытынды бөлімінде әдіскерлер қатысушыларға алғыстарын білдіріп, балаларға, ата-аналар мен педагогтарға кәсіби қолдау көрсетудегі мектеп психологының рөлінің маңыздылығын түсіндірді.
Осындай іс-шаралар жас педагог-психологтердің кәсіби дамуына, кәсіби тәжірибе алмасуына, білім мен дағдыларын жетілдіруге, сондай-ақ Алматы қаласының психологиялық қызметі мамандары арасындағы кәсіби ынтымақтастық пен бірлігін нығайтуға зор мүмкіндік берді.