«Yutong» компаниясымен бірлескен балалар жол қауіпсіздігі күні

«Yutong» компаниясымен бірлескен балалар жол қауіпсіздігі күні

«Yutong» компаниясымен бірлескен балалар жол қауіпсіздігі күні
24 қазан 2025 жылыТүрксіб ауданы ЖББ №31 мектепте «Yutong» компаниясының ұйымдастыруымен балалардың жол қозғалысы қауіпсіздігіне арналған танымдық іс-шарасы өтті.
Іс-шараның мақсаты – оқушылардың жолда жүру мәдениетін қалыптастыру, қауіпсіздік ережелерін тәжірибе арқылы үйрету және төтенше жағдайларда дұрыс әрекет етуге баулу болды.
Бағдарлама барысында оқушылар:
* автобустың «соқыр аймақтарын» көріп, жүргізушінің көру шектеулерін түсінді;
* жол белгілерін танып, оларды қолдануды үйренді;
* қорғаныш каскаларымен спорттық эстафетаға қатысты;
* автобустың ішіндегі қауіпсіз мінез-құлық ережелерін меңгерді.
Балалар үлкен қызығушылықпен қатысып, пайдалы білім мен дағдылар алды.
Мектеп ұжымы мен оқушылар «Yutong» компаниясына осындай әлеуметтік маңызы зор бастамасы үшін алғыс білдіреді.Бұл іс-шара оқушылардың қауіпсіздік мәдениетін арттырып, жолда өзін және өзгелерді қорғау дағдысын қалыптастыруға бағытталған маңызды қадам болды.