Алматылық мектеп оқушылары еліміздің мәдени мұрасын қастерлеуде

Алматылық мектеп оқушылары еліміздің мәдени мұрасын қастерлеуде

2025 жылдың 17 қазанында «Lakeiw school Almaty» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде «Құндылықтарға тәрбиелеу: «Адал азамат» бағдарламасынан мектеп бастамаларына дейін» тақырыбында Сынып жетекшілерінің форумы өтті.

Іс-шара екі форматта – теориялық және тәжірибелік бөлімдерде ұйымдастырылды. Форумның алғашқы бөлімінде қатысушыларға мектептің қызметі, тәрбиелік жұмыс бағыттары және «Адал азамат» бағдарламасы аясында іске асырылып жатқан мектеп бастамалары жөнінде ақпарат берілді.

Форумның тәжірибелік бөлігі Қазақстанның көрнекті тұлғаларының ұрпақтарымен кездесу түрінде өтті.

Белгілі академик, Халық қаһарманы Шафик Чокин туралы естеліктерімен оның жиені – Мұрат Ризаұлы Чокин бөлісті.

Композитор Бақытжан Байқадамовтың қыздары, аңыз қолбасшы Иван Васильевич Панфиловтың немерелері — Алуа және Айгүл Байқадамова өздерінің қоғамдық және мәдени қызметі туралы айтып өтті.

Мемлекет және қоғам қайраткері Ораз Жандосовтың немересі — Лааль Әлиқызы Жандосова өз авторлық көркем жұмыстарын таныстырып, мектепте көрме өткізу туралы уағдаласты.

Д.А. Қонаев атындағы қордың вице-президенті, қытайтанушы Мансур Ермекбайұлы Молдақұлов форумның жоғары деңгейде ұйымдастырылғанын және мазмұнының тереңдігін атап өтті.

Кездесудің қорытындысы ретінде атақты Серкебаевтар әулетінің өкілі Жамиля Серкебаева әсерлі музыкалық орындауымен қатысушыларға ерекше рухани әсер сыйлады.

Форум мектептің тәрбиелік жұмысы үшін маңызды оқиға болды. «Адал азамат» бағдарламасы жас ұрпақтың ел тарихына және мәдени құндылықтарына құрмет сезімін қалыптастыруға бағытталған мектеп бастамалары арқылы табысты жүзеге асырылып жатқанын көрсетті.

Қатысушылар бұл форматтың — білім беру ұйымдарындағы сынып жетекшілерінің форумы — маңыздылығын және мазмұндылығын атап өтті.

Іс-шара ұйымдастырушылары Ауэзов ауданының Білім бөлімінің ұжымына, Білім берудегі жаңа технологиялардың қалалық ғылыми-әдістемелік орталығына, Ардак Рахимғалиевна Смағұловаға, білім беру саласының ардагері Тамара Мұхтарханқызы Шакироваға және Айгүл Күнироваға көрсеткен қолдауы, ынтымақтастығы және белсенді қатысқаны үшін шынайы алғыстарын білдіреді.