Алматының колледж студенттері «Қамқор» әлеуметтік үйіне барды

Алматының колледж студенттері «Қамқор» әлеуметтік үйіне барды

Халықаралық қарттар күніне орай Алматы электромеханика колледжінің, Алматы сервис және технологиялар колледжінің және Архитектура, дизайн және инженерия колледжінің студенттері Алматы қаласының Бостандық ауданындағы "Қамқор" әлеуметтік қарттар үйіне барды.

Алматы электромеханика колледжі директорының орынбасары Амирова Ләззат Ергешқызы атап өткендей, іс-шара жастарды қарттарға деген құрметке тәрбиелеуге, ұрпақтар арасындағы байланысты нығайтуға бағытталған.

Кездесу барысында студенттер күй шертіп, ән айтып, би билеп қарттардың көңілін көтерді. Дастархан жайып, қарт адамдарға сыйлықтар табыс етті. Бұл күні қариялар өздеріне бөлінген шынайы жылы көңілдерге риза болды. Кеш соңында аталар мен әжелер жастарға алғыс айтып, оларға өмір жолының жарқын болуына тілектерін білдіріп, батасын берді.