Алматыда білім берудегі инновациялық бағыттар талқыланды.

Алматыда білім берудегі инновациялық бағыттар талқыланды.

2025 жылдың 10 қазанында магистр-педагогтердің кәсіби тәжірибесін жетілдіруге бағытталған ғылыми-әдістемелік конференция өтті.

        Алматы қаласы Білім басқармасының Қалалық білім берудегі жаңа технологиялардың ғылыми-әдістемелік орталығы ұйымдастырған іс-шара Алматы қаласы Бостандық ауданындағы М. Мақатаев атындағы №140 гимназияның базасында өтті. (ҚББЖТҒӘО). Конференцияға мегаполис мектептерінен 250-ден астам магистр-педагог қатысты.

Конференция барысында №140 гимназияның магистр-педагогтері өздерінің ғылыми-зерттеу жобалары мен авторлық әдістемелерін таныстырып, тәжірибе алмасу алаңында мазмұнды пікірталасқа қатысты.

«Іс-шараның мақсаты – инновациялық әдістемелерді тарату, ғылыми зерттеулердің нәтижелерін көрсету және мұғалімдерге тәжірибе алмасуға мүмкіндік беру болды, - деп хабарлады Тілеубай Сәния Өскенбайқызы. - Айта кету керек, конференция білім берудегі инновациялық бағыттарды дамытуға, заманауи педагогтың кәсіби келбетін жетілдіруге өз үлесін қосты».

Соңында қатысушыларға сертификаттар мен алғыс хаттар табысталды. Конференция магистр-педагогтердің кәсіби өсуі мен ғылыми ізденісін қолдаудағы маңызды қадам болды.