Ағымдағы жылдың 6 қазан күні Алматы қаласы Білім басқармасына қарасты Білім берудегі жаңа технологиялардың қалалық ғылыми-әдістемелік орталығының жоспарына сәйкес, Наурызбай ауданының №208 мектеп-гимназиясында жас директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарларының қатысуымен Аягүл Төреқызы Миразовамен кездесу өтті.
Кеш барысында өз саласында абыройлы еңбек етіп жүрген бірқатар ұлағатты ұстаздар да қатысып, тағылымды шараның мәнін арттырды.
Құрметті ұстазымыздың мектебімізге келуіне орай «Тағылымға толы ұстаз жолы» атты әдеби-сазды кеш ұйымдастырылды. Кештің басты мақсаты – Аягүл Төреқызының өнегелі өмір жолы мен ұстаздық еңбегін айшықтап, ұлт тәрбиесі мен руханият саласындағы еңбегін дәріптеу, жас ұрпаққа үлгі ету болды.
Осындай тұлғалармен жүздесу – жас ұрпаққа шабыт, ұстаздарға мәртебе, ұлт руханиятына демеу.