Мұғалім – ұлттың мақтанышы!
Бүгін Қалалық білім берудегі жаңа технологиялардың ғылыми-әдістемелік орталығында (ҚББЖТҒӘО) Алматы қаласы Білім басқармасы басшысының орынбасары Бибігүл Малғаждарова мегаполисіміздің мектепке дейінгі ұйымдарының басшылары мен педагогтерін Ұстаздар күнімен құттықтады.
«Сіздер әр күн сайын жылулық, жайлылық пен қауіпсіздік ортасын қалыптастырасыздар. Ұжымдарыңызда – өзара түсіністік, отбасыларыңызда – жарасымдылық, жүректеріңізде – шабыт орнасын!», – деп Бибигуль Төлепбергенқызы ұстаздарға жүрекжарды тілегін жеткізді.
Өз кезегінде ҚББЖТҒӘО директоры Ардақ Смағұлова да әріптестерін құттықтап: «Сіздерге мықты денсаулық, шығармашылық қуат, қуанышты жаңалықтар және тәрбиеленушілеріңіздің алғысқа толы күлкісін тілеймін! Алдағы мерекелеріңізбен — Ұстаздар күні құтты болсын!».