2025 жылғы 1 қазанда Алматы қаласы Оқушылар сарайында «Балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету – ортақ міндет» атты қалалық ата-аналар жиналысы өтті.
Іс-шараны Алматы қаласының Білім басқармасы ұйымдастырды. Жиналысқа 220 мектептердің ата-аналар комитеттерінің төрағалары, Алматы қаласы полиция департаментінің ювеналды полиция бөлімінің бастығы Шонжанова Ж.Т., есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының аға жедел уәкілі Досболова С.А., сондай-ақ «Жалпы жол» қауымдастығының, психикалық денсаулық орталығы мен психологиялық қолдау орталығының өкілдері қатысты.
Кездесу барысында балалардың мектепте, үйде және қоғамда қауіпсіздігін қамтамасыз ету, ата-аналар комитеттерінің құқық бұзушылықтың және зиянды әдеттердің алдын алудағы рөлі, сонымен қатар кәмелетке толмағандар арасында ерте жүктіліктің, нашақорлық пен лудоманияның алдын алу мәселелері талқыланды.
Онлайн режимінде 20 мыңнан астам ата-ана, ұстаз және қоғам өкілдері қатысты.