2012 жылдан бері дәстүрге айналған қалалық «Үздік педагог» конкурсы биылғы жылы он үшінші рет ұйымдастырылып отыр.
Алматы қаласы Білім басқармасының 2025 жылғы 05 тамыздағы №481 бұйрығына сәйкес мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқыту, бастауыш, негізгі және жалпы орта, техникалық және кәсіптік орта білім беру ұйымдарының педагог қызметкерлері арасында «Үздік педагог» конкурсы өткізілді.
Конкурстын негізгі мақсаты - педагог мәртебесін көтеру, білім беру саласында жоғары жетістіктерге жеткен педагогтерді анықтау және марапаттау.
Конкурстын I аудандық кезеңіне орта білім беру және техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының 64 педагогі қатысуға ниет білдірді.
Бірінші кезеңге қатысқан 64 педагогтің 39 қалалық кезеңге жолдама алды.
Байқаудың қалалық II кезеңінің қорытындысы бойынша жеңімпаздарға «Үздік педагог» атағы берілді, жалпы орта білім беру ұйымдарының және техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының 18 педагогы, сондай-ақ Білім басқармасынан педагогтер Құрмет грамоталарымен марапатталды.
«Үздік педагог» байқауының республикалық III кезеңіне жалпы орта білім беру ұйымының 8 педагогі, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының 2 педагогі жіберілді.
Сонымен бірге «Үздік педагог» атағын беру қағидаларының 54-тармағына сәйкес республикалық кезеңге қатысқан, бірақ онда жеңімпаз болмаған «Үздік педагог» конкурсының ІІ кезеңінің (қалалық) жеңімпазына өңірлік комиссияның шешімі бойынша «Педагог мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабының 6-тармағына сәйкес жергілікті бюджет есебінен бір реттік сыйақы төленеді.