«Балалар – инноваторлар: Хакатон форматындағы Startup-батл»

«Балалар – инноваторлар: Хакатон форматындағы Startup-батл»

«Балалар – инноваторлар: Хакатон форматындағы Startup-батл»
Алматы, 30 қыркүйек 2025 жыл
«Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында, қыркүйек – еңбекқорлық пен кәсіби біліктілік айы ретінде, Алатау ауданының №95 бөбекжай-балабақшасында қалалық «Startup» байқауы хакатон форматында өтті.
Іс-шараны балабақша меңгерушісі ашып беріп, әдіскер қонақтарға «хакатон» форматының мәнін түсіндірді.
Екі команда – «Болашақ» және «Тамшы» өз стартап-жобаларын таныстырды:
• «Болашақ» – «Үй тазалаушы робот» жобасы;
• «Тамшы» – «Ақылды су тазартқыш» жобасы.
Сонымен қатар тәрбиешілер «Орман әлемі», «Ғылым әлеміне саяхат» атты шығармашылық жобаларын ұсынды, ал қонақтар өз тілектерін «Жаңа идеялар ағашына» қалдырды.
Іс-шараға Қалалық мектепке дейінгі ресурстық орталықтың әдіскері, Алатау ауданы мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту бөлімінің бас маманы, аудандық әдістемелік бірлестік мүшелері және Алматы қаласының балабақша тәрбиешілері қатысты.
Байқау қорытындысы бойынша жеңімпаз командаға кубок, балаларға медальдар, ата-аналарға грамоталар табысталды.
Қазылар алқасы хакатон форматы балалардың шығармашылығы мен еңбекқорлығын дамытып қана қоймай, ата-ана мен педагог арасындағы ынтымақтастықты нығайтатынын атап өтті.
Бұл байқау – кішкентайлардың да үлкен идеяларды жүзеге асыра алатынын дәлелдеді.