Алматы қалалық "Ұстаз" кәсіподағы "Цифрлық ғасыр педагогы" қалалық бейнесабақтары байқауының қорытындысын шығарды

Алматы қалалық "Ұстаз" кәсіподағы "Цифрлық ғасыр педагогы" қалалық бейнесабақтары байқауының қорытындысын шығарды

Байқауға қаланың мектепке дейінгі тәрбие мен білім беру ұйымдарынан 65 педагог қатысты.

Педагогтар қашықтықтан оқыту кезеңінде өзекті болып табылатын цифрлық технологиялар саласында жылдар бойы жинақталған өз шеберліктерін көрсете білді.

Байқау YouTube арнасында өткізіліп  қатысушылардың бейнесабақтарын қарау санымен бағаланды.

Байқаудың 15 қатысушысы мақтау қағаздарымен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Байқаудың бас жүлдесіне Медеу ауданы №12 мамандандырылған гимназияның қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі А.Сайлаухан ие болды.