2025 жылғы 13 қыркүйекте Алматы қаласы Білім басқармасы Қалалық білім берудегі жаңа технологиялардың ғылыми-әдістемелік орталығымен (ҚББЖТҒӘО) бірлесіп, №34 гимназия базасында білім беру ұйымдарының басшыларына арналған «Тәлімгерлік мектебі» қалалық әдістемелік семинар-практикумын ұйымдастырды.
«Басшының қаржылық сауаттылығы: жан басына шаққандағы қаржыландыру жағдайында мектепті басқару» семинарын ҚББЖТҒӘО директорының міндетін уақытша атқарушы Ардақ Смағұлова ашты. Ол аталған іс-шара тақырыбының қаланың жас директорлары үшін өзектілігін атап өтіп, барлық қатысушыларға нәтижелі жұмыс тіледі.
М. Мәметова атындағы №28 мектеп-лицейінің директоры Айсұлу Медетбекова өз сөзінде қазіргі уақытта жалпы білім беру ұйымдарында қолданыстағы жан басына шаққандағы қаржыландырудың мәні мен мазмұны, тиісті нормативтік құжаттар, қаржыландыру құрылымы мен құны туралы айтып берді. Жан басына шаққандағы қаржыландырудың мәні 1 оқушыға арналған білім беру нормативі негізінде мектептерді қаржыландыруға көзқарасты өзгерту болып табылады. Ол нәтижелі қызметке бюджет қаражатын жұмсаудың тиімділігін арттыру, жалпы білім беретін мектептердің материалдық жағдайын жақсарту және олардың еңбек нәтижелерін ынталандырудың қосымша шаралары есебінен мұғалімдердің беделін арттыру жолдарын көрсетті.
Білім беру мекемесінің әр басшысының нормативтік жан басына шаққандағы қаржыландыру мөлшерін есептеу алгоритмін білуінің маңыздылығын №178 мамандандырылған лицейдің директоры Қайратбек Шадиев атап өтті. Іс жүзінде қаржыландыру нормативі өңірлік (экология, радиация), орналасқан жеріне (қала, ауыл), білім деңгейіне (бастауыш, орта, жалпы) және білім беру бағдарламаларының түріне (түзету топтарында оқыту, үйде оқыту) байланысты өзгеретінін көрсетті. Нәтижесінде әр мектеп басшысы өз мектебінің жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыруын тиімді әдістермен жедел есептеуді үйренді.
Мемлекеттік сатып алу жүйесін, соңғы өзгерістерді ескере отырып, сатып алу рәсімдерінің барлық спектрін №34 гимназия директоры Рустам Джаханов қарады. Ол мемлекеттік сатып алу курсы мен негізгі қағидаттарын, техникалық тапсырмалардың мазмұнына қойылатын үлгілік талаптарды, мемлекеттік сатып алудың негізгі қағидаттарын, мемлекеттік сатып алу порталында жұмыстарды жоспарлау және жүргізу әдістемесін ұсынды. Сондай-ақ, ол семинарда алған білімдерін нығайту үшін «Монополия» интерактивті ойынын өткізді.
Әдістемелік семинар-практикум теориялық мәліметтермен шектеліп қана қоймай, білім беру мекемелерінде тәжірибе алмасуға және қаржыны басқару әдістерін жетілдіруге мүмкіндік берді. Қатысушылар жаңа идеялар мен практикалық шешімдерді талқылады, болашақ өзгерістерге бағдарланды.
Іс-шараның қорытындысы бойынша қатысушыларға ҚР қолданыстағы заңнамасына сәйкес мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру және бюджет қаражатын жұмсау бойынша оңтайлы және тиімді шешімдер қабылдау ұсынылды. Бұдан басқа әлеуетті өнім берушілерге мемлекеттік сатып алуға қатысу үшін тең мүмкіндіктер беру, сондай-ақ мемлекеттік сатып алу рәсімдерін өткізу үшін директордың дербес жауапкершілігін күшейту қажеттігі айтылды. Сатып алу процесінің ашықтығы мен айқындылығын қамтамасыз ету ұсынылды. Ал мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушылар мемлекеттік сатып алу ережелеріндегі өзгерістерді уақтылы зерделеу үшін біліктілікті арттыру курстарынан уақтылы өтуі қажетлігіне назар аударылды.
Білім беру ұйымдарының басшыларына арналған тәлімгерлік мектебінің қалалық әдістемелік семинар-практикумы білім беру саласындағы жас басшылар үшін құнды практикалық алаңға айналды.