Болашақ мамандықтары – бастапқы қадам

Болашақ мамандықтары – бастапқы қадам

Болашақ мамандықтары – бастапқы қадам

2025 жылдың 29 тамызында Алматы құрылыс-техникалық колледжінің базасында "Атамекен" ҰКП, салалық қауымдастықтар, Үкіметтік емес және қоғамдық ұйымдар, ОӘБ және Алматы қаласы ТжКББ ұйымдары өкілдерінің қатысуымен форсайт-сессия өтті. Іс-шара "Еңбек нарығында сұранысқа ие жаңа мамандықтар мен құзыреттер атласы" жобасы аясында өтті. Қатысушылар ағымдағы мамандықтарды талқылады, болашақ трендтерді анықтады және алдағы 10 жылда өзекті болатын құзыреттер тізімін қалыптастырды. IТ, білім беру, құрылыс, көлік және логистика, қызмет көрсету және қонақжайлылық индустриясы, креативті индустрия және өнер, ойын-сауық пен демалыс секторын қоса алғанда, алты негізгі саладағы 114 перспективалық мамандықтарға назар аударылды.
69 жаңа позицияны: 4 мамандықты, 29 құзыретті, 26 модульді және 11 оқыту нәтижесін енгізу туралы шешім қабылданды. Жаңа мамандықтардың қатарына виртуалды саяхат дизайнері және құрылыстағы роботтандыру мамандары кіреді.
Сессия қорытындылары болашақ еңбек нарығының қажеттіліктеріне сәйкес келетін кадрларды даярлауды қамтамасыз ете отырып, білім беру бағдарламаларын жаңғыртудың негізі болады.