Алматыда жаңа «Келешек мектептері» ашылды

Алматыда жаңа «Келешек мектептері» ашылды
Алматыда жаңа «Келешек» мектептері ашылды
«Келешек мектептері» ұлттық жобасын іске асыру аясында Алматыда мыңдаған жас өрен үшін жаңа оқу жылы ең жоғары білім сапасы стандарттарына сай келетін заманауи 7 жаңа мектепте басталады.
Жаңа мектептер Наурызбай, Бостандық, Алмалы және төртеуі Алатау аудандарында ашылды.
Олар сапалы білім беруге арналған озық технологиялармен жабдықталған. Оқу процесі мынадай жағдайларда ұйымдастырылған:
•кең кабинеттер мен тәжірибелік сабақтарға арналған зертханаларда;
•интерактивті жабдықтары бар цифрлық сыныптарда;
•заманауи спорт кешендері мен акт залдарында.
 
Алматының ең жас ауданы – Наурызбай ауданы қала картасында жақында ғана, 2014 жылы пайда болды. Дегенмен, ол ең қарқынды дамып келе жатқан аудандардың бірі. Ішкі көші-қон мен демографиялық өсімнің, негізінен жергілікті ұлт өкілдері есебінен артуына байланысты оқушы орындарына сұраныс ??? құрайды. Қазіргі уақытта Наурызбай ауданында 6082 оқушы орны бар 6 жалпы білім беретін мектеп жұмыс істейді.
№214 мектептің арқасында, ол «Нұрлы Дала» тұрғын үй кешенінде орналасқан, жақын маңдағы мектептердің жүктемесі азайды – №157 (500 оқушы), №174 (214 оқушы) және №207 (600 оқушы).
Бұл шағын аумақта жаңа білім ошағына деген қажеттілікті сандар айқын көрсетеді – мұнда жалпы 2400 бала білім алатын болады. Мектепке турникеттер, бейнебақылау жүйесі орнатылған – ішінде 98, сыртында 26 камера.
 
Тағы бір қарқынды дамып келе жатқан аудан – Алатау ауданы биыл өзінің 17 жылдығын атап өтуде.
Мұнда 1 қыркүйектен бастап бірден 4 жаңа мектеп ашылды. Олар жалпы 7500 оқушыны қабылдай алады.
 
№218 мектеп («Қарасу» шағынауданы) әзірге толық қуатында жұмыс істемей отыр: оқушылар саны – 1418.
Алайда, ол жақын маңдағы мектептерден 595 оқушыны қабылдады.
№213 мектепте («Теректі» шағынауданы) 1465 бала оқиды, оның ішінде 839-ы – №184 жалпы білім беретін мектептің оқушылары.
 
№217 мектепте («Самғау» шағынауданы) сәл көбірек – 1566 оқушы білім алады. Олардың арасында №169 мектептен – 41, ал жақын орналасқан 26 мектептен – тағы 49 бала бар.
 
№154 мектепте («Ақбұлақ» шағынауданы) 1990 оқушы оқиды.
 
Ал қалған екі «Келешек мектебінде» әрқайсысы 1500 оқушыға арналғанымен, әзірге оқушылар саны әлі толық емес. 
 
№215 мектепке (Розыбакиев–Левитан көшелерінің қиылысы) №146 мектептен – 600, №140 мектептен – 40 оқушы ауысты. Жалпы саны – 1400 бала.
 
№216 мектепте (Райымбек даңғылы, 210) 450 оқушы білім алуды бастайды.
Барлық «Келешек мектептерінде» қауіпсіздік тәулік бойы қамтамасыз етіледі: мектептер бейнебақылау жүйелерімен, дабыл түймелерімен жабдықталған, күзет қызметі тұрақты түрде кезекшілік атқарады. Оқушылар үшін арнайы автобустар қарастырылған, ал мектеп аумақтары бағдаршамдармен, жаяу жүргіншілер өткелімен және «жол бөгеттерімен» (лежачий полицейский) жабдықталған.
 
Естеріңізге сала кетейік, ұлттық жоба аясында Алматыда салынған алғашқы №97 мектеп (600 орындық) 2024 жылдың 1 қыркүйегінде ашылған болатын. Жалпы «Келешек мектептері» бағыты бойынша 34,8 мың оқушы орнын қамтитын 21 мектептің құрылысы жүріп жатыр.
 
Ұлттық жоба – «Комфортная школа» балалардың тұрғылықты жеріне қарамастан, қазіргі заман талаптарына сай жағдайларда сапалы әрі тегін білім алу мүмкіндігін қамтамасыз етуге бағытталған.
 
Бұл бастама тек қана жайлы мектептердің материалдық-техникалық базасын жақсартып қана қоймай, сонымен бірге балалардың шығармашылық және зияткерлік қабілеттерін дамытуға ықпал ететін орта қалыптастыруды көздейді