Қымбатты мектеп оқушылары, колледж студенттері, құрметті ұстаздар мен ата-аналар!

Қымбатты мектеп оқушылары, колледж студенттері, құрметті ұстаздар мен ата-аналар!

Қымбатты мектеп оқушылары, колледж студенттері, құрметті ұстаздар мен ата-аналар!

Сіздерді шын жүректен Білім күнімен және жаңа оқу жылының басталуымен құттықтаймын!
1 қыркүйек – жаңа үміттердің, жетістіктер мен жаңалықтардың символына айналған ерекше мереке.

Бүгін мыңдаған алматылық оқушылар үшін мектептің есігі тағы айқара ашылады. Бірінші сыныпқа келген бүлдіршіндер үшін бұл – білімнің ғажайып әлеміне жасалған алғашқы қадам, ал түлектер үшін – болашақ мамандыққа және ересек өмірге бастайтын маңызды кезеңнің бастауы.

Алматы әрқашан білім ордасы болып қала береді. Оқушыларымыз бен студенттеріміздің жетістіктері Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлерде де кеңінен танылған.

Ұрпаққа сүйіспеншілікпен, адалдықпен тәлім-тәрбие беріп, балалардың бойына білімге, еңбекке және асыл адами құндылықтарға деген ұмтылысты дарытып жүрген ұстаздарға ерекше алғысымды білдіремін.

Жыл сайын қала педагогтері кәсіби деңгейін арттыру мақсатында әлемнің жетекші қалаларында тағылымдамадан өтіп, алған білімдерін оқу орындарында қолданып келеді.

Қымбатты балалар! Бұл оқу жылы сіздерге табысқа, таным қуанышына және жаңа жетістіктерге толы уақыт болсын. Еңбектеріңіз бен табандылықтарыңыз лайықты жемісін береді деп сенемін.

Баршаңызға мықты денсаулық, береке-бірлік, шыдамдылық пен сарқылмас жігер тілеймін! 2025–2026 оқу жылы әрбір алматылық отбасы үшін жарқын, жемісті әрі бақытты болсын.

Мерекелеріңіз құтты болсын, қымбатты достар!
Алматы қаласы Білім басқармасының басшысы
Сайран Сайфеденов