Алматыда Мектепке дейінгі білім берудің перспективалары талқыланды
2025 жылғы 22 тамызында Алматы қаласы Алатау ауданының Оқушылардың инновациялық шығармашылық орталығының базасында мектепке дейінгі ұйымдардың педагогтері үшін жыл сайынғы «Білім келешегі: адал азамат – кәсіби маман» тамыз конференциясы өтті.
Құзыреттілік орталықтар мен Жобалық қызмет бойынша креативті экспозициялардан «Ұлттық құндылықтар. Біз мамандықтарды жақсы көреміз. Жасыл балабақша. Мен зерттеушімін. Ақылды арена» тақырыбында көрме ұйымдастырылды. Заманауи шешімдерді ұсына отырып ECERS-3 халықаралық сапа шкаласы бойынша дамыту орталарын ұйымдастырды; «Алматы кітап» баспасы оқу-әдістемелік кешендердің көрме-сатылымын ұйымдастырды; мектеп жасына дейінгі балаларға арналған «Көмек» балалар қауіпсіздігі жөніндегі бағдарламасы, әдістемелік құралдарды таныстырды. «Four Angles» компаниясы модельдеу мен құрастыруға арналған балалар конструкторын ұсынды.
Күннің бірінші жартысында панельдік секцияларға 160 педагог қатысты.
Тамыз конференциясының жалпы отырысының жұмысына - білім басқармасы басшысының орынбасары, мектепке дейінгі тәрбие және оқыту бөлімінің басшысы, Абай атындағы ҚазҰПУ оқытушылары, «Kinderhouse»» балабақшасының басшысы, 250 Мемлекеттік және жекеменшік балабақшалардың басшылары қатысты.
Мектепке дейінгі білім беру саласына көпжылдық үлес қосқан 20-дан астам мектепке дейінгі білім беру ардагерлері Алматы қаласы білім басқармасының Құрмет грамоталарымен және естелік сыйлықтармен марапатталды.
Сондай-ақ Үздік құзыреттілік орталықтары Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің бірінші вице-министрі атынан алғыс хаттармен, «Мектепке дейінгі ұйымның үздік педагогы» республикалық байқауында 2-орын алғаны үшін және мектепке дейінгі білім беру саласына үлес қосқаны үшін педагогтер Алматы қаласы білім басқармасының Құрмет грамоталарымен марапатталды.
Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту бөлімі, Білім басқармасының қалалық мектепке дейінгі ресурстық орталығы ұйымдастырған конференцияда мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың өзекті мәселелері, басым бағыттары мен даму перспективалары талқыланды.
2025-2026 оқу жылына арналған мектепке дейінгі білім берудің негізгі бағыттары мен басымдықтарын нақтылай отырып, отырыс шешімдер қабылдаумен аяқталды. Конференция соңында мектепке дейінгі ұйым педагогтерінің Әнұранын орындады.