Алматы педагогтері мемлекеттік наградалармен марапатталды
2025 жылғы 15 тамызда Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен Алматы қаласындағы білім беру мекемелерінің педагогтері білім беру саласындағы елеулі жетістіктері мен Отан алдындағы ерекше еңбектері үшін мемлекеттік наградалармен марапатталды.
«Қазақстанның еңбек сіңірген ұстазы» құрметті атағы екі бірдей алматылық педагогке берілді:
– Даутова Светлана Қадірқызы – №59 мектеп-гимназиясының мұғалімі,
– Құдайбергенова Айсұлу Сайлауханқызы – №176 мектеп-гимназиясының мұғалімі.
«Құрмет» орденімен марапатталғандар:
«Шапағат» медалімен «Білім-инновация» мамандандырылған лицей-интернатының мұғалімі Нұрмағамбетов Ербол Зермұханбетұлы марапатталды.
Алматы қаласының Білім басқармасы әріптестерін шын жүректен құттықтап, еңбекте табыс тілейді!