«Алматы қаласы Білім басқармасы» ММ 2025 жылға арналған мектепке дейінгі ұйымдардың тізбесіне енгізу үшін өтінімдер ағымдағы жыл ішінде қабылданатынын хабарлайды.
Ваучерлік қаржыландыруды ескере отырып, мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру үшін мектепке дейінгі ұйымдардың тізбесін қалыптастыру тәртібі Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2024 жылғы 30 желтоқсандағы № 372 бұйрығының 6-тарауына сәйкес реттеледі.
Маңызды! Құжаттарды тапсыру үшін мектепке дейінгі ұйым «Ұлттық білім беру деректер базасы» ақпараттық жүйесінің (ҰБДБ) пайдаланушысы болуға тиіс.
Ақпарат үшін:
- 8 707 463 33 26 Бушакаев Ерлан Ержанұлы;
- 8 747 322 32 91 Мәуленқұлов Қуаныш Асанұлы;
- 8 707 611 83 55 Тасыбекова Әйгерім Бекбергенқызы.
ҰБДБ-ға тіркелгеннен кейін «Balabaqsha SmartNation»: электрондық балабақша ақпараттық жүйесінде қызмет көрсетуші болу бөліміне кіру қажет» balabaqsha.snation.kz және құжаттарды жүктеңіз.
Мектепке дейінгі ұйым (МДҰ) ақпараттандыру объектісінде бастапқы түпнұсқаға толық сәйкес келетін анық оқылатын түрде PDF электрондық форматында бекіту жолымен мынадай құжаттарды ұсынады:
1) 10-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінішті;
2) МДҰ басшының қолымен және мөрімен расталған бейнебақылау жүйелерінің, автоматты өрт жүйесінің, дабыл түймесінің, дауыстық хабарлаудың және домофон жүйесінің болуы туралы ақпаратты;
3) Санитариялық қағидаларға сәйкес тәрбиеленушілерді медициналық қамтамасыз етуді жүзеге асыруға арналған аумақтық алғашқы медициналық-санитариялық көмек көрсету ұйымымен шартты (сиымдылығы үш топқа дейін);
4) педагогтік немесе бейіндік білімі бар педагогтердің белгіленген үлгідегі білім туралы штат кестесінің және құжаттарының көшірмелерін;
5) ғимаратты/үй-жайларды жалдау шартының көшірмесін (бар болса) ұсынады.
Құжаттарды ұсынғаннан кейін электрондық үкіметтің веб-порталы арқылы мемлекеттік электрондық ақпараттық жүйелер арқылы www.egov.kz, www.elicense.kz қаралады:
Қызмет көрсетуші ретінде электрондық өтінішті тіркеу жөніндегі Нұсқаулық https://balabaqsha.snation.kz/ru/vko/faq
Назар аударыңыз! Ақпарат жаңадан ашылған балабақшалар тізіміне енгізу бойынша жарияланды. Тізімге енгізілген және «Қаржы орталығы» АҚ-мен шарты бар балабақшалар қатыспайды.
https://adilet.zan.kz/rus/docs/G24HP000372
Мәселелер бойынша байланыстар:
Тел: +7 727 339 72 22
8747 339 72 22
WhatsApp: +7 776 333 97 22
Telegram: @SmartNationSupportBot