2025 жылғы 1 шілдеден бастап Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2025 жылғы 31 наурыздағы № 61 бұйрығымен баланы қабылдайтын кәсіби отбасылар туралы Ереже қолданысқа енгізілді.
Баланы қабылдайтын кәсіби отбасы – арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерге мұқтаж төртеуден аспайтын баланы алдын ала таңдамай тәрбиелеуге қабылдайтын отбасына уақытша орналастыру нысаны.
Осыған байланысты, 11.07.2025 жылы «Ана үйі» ҚҚ қорғаншылық және қамқоршылық органдарының қызметкерлерін «Баланы қабылдайтын кәсіби отбасы үміткерлерімен әңгімелесу» тақырыбында оқытуды ұйымдастырды.
Бұл арнайы әлеуметтік қызметтерге мұқтаж балалардың уақытша орналасу жағдайларын жақсартудың жүйелі тәсілі. Қорғаншылық және қамқоршылық органдарының қызметкерлерін оқытуды жүргізу кәсіби отбасыларды іріктеу және даярлау сапасын арттыруға ықпал етеді.