СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ТӘУЕКЕЛДЕРІНЕ ІШКІ ТАЛДАУ ЖҮРГІЗУ ТУРАЛЫ ХАБАРЛАНДЫРУ

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ТӘУЕКЕЛДЕРІНЕ ІШКІ ТАЛДАУ ЖҮРГІЗУ ТУРАЛЫ ХАБАРЛАНДЫРУ

 

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ТӘУЕКЕЛДЕРІНЕ ІШКІ ТАЛДАУ ЖҮРГІЗУ ТУРАЛЫ ХАБАРЛАНДЫРУ 

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы No 410-V ҚРЗ Заңының 8-бабына және «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы  бұйрығына сәйкес 2024 жылы сәуірде «Алматы қаласының Экономика басқармасы» КММ (бұдан әрі – Басқарма)  қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу жоспарлануда.

Басқарма басшысының 2025 жылғы 18 наурыздағы № 9-нқ «Алматы қаласы Экономика басқармасында сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің кейбір мәселелері туралы» бұйрығымен сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу жөніндегі жұмыс тобының құрамы және кестесі бекітілді.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау келесі бағыттар бойынша жүзеге асырылады:

1) Басқарманың қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;

2) Басқарманың ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.

Осыған байланысты, Сіздің осы саладағы сыбайлас жемқорлық фактілері, басқа да құқық бұзушылықтар туралы нақты ақпараттар, шағымдар мен ұсыныстарыңыз болса, Сізге Алматы қ., Республика алаңы 4, era.ashinova@almaty.gov.kz электрондық поштасына жолдауға, сондай-ақ +7 727 225-12-53 нөмірі арқылы хабарласуға болатындығы жеткізіледі.