Экономика басқармасында әдеп кодексінің нормаларын ұстануы туралы жиын өтті

Экономика басқармасында әдеп кодексінің нормаларын ұстануы туралы жиын өтті

Ағымдағы жылдың 7 маусымы күні Алматы қаласы Экономика басқармасында мемлекеттік қызметшілердің әдеп және мінез-құлық ережелерін сақтау мәселелері бойынша жиналыс өтті.

           Кездесу Алматы қаласы әкімі аппаратының әдеп жөніндегі уәкілі  Мамай Қаниұлы Ахетовтың  және Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаментінің мемлекеттік қызметті бақылау бөлімінің бас маманы Сәбит Рысбекұлы Қошатаевтың қатысуымен ұйымдастырылды.

           Басқарма қызметкерлерімен әңгімелесу  барысында  мемлекеттік қызметтің этикалық принциптері және мемлекеттік қызметшілерге қызмет ету этикасының стандарттары айтылды.

           Әдеп жөніндегі уәкіл «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңға сәйкес шектеулер бойынша түсініктеме берді. Ол әсіресе жақын туыстарының, ерлі-зайыптылардың және құдалардың бірігіп жұмыс істеуіне, қызметтік ақпаратты пайдаланып жеңілдіктер мен артықшылықтар алуына, материалдық сыйақы алуына, Қазақстан Республикасынан тыс орналасқан шетелдік банктерде есеп шоттары мен құндылықтарын сақтауға жол берілмейтінін атап өтті.

           Мұндай форматтағы кездесулерді өткізу басқарма қызметкерлерінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы сауаттылығын арттырады және ұжымда өзара қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыруға ықпал етеді.