23 маусым — Мемлекеттік қызметшілер күні: Алматы қаласы Экономика басқармасының қызметкерлері лайықты марапаттарға ие болды

23 маусым — Мемлекеттік қызметшілер күні: Алматы қаласы Экономика басқармасының қызметкерлері лайықты марапаттарға ие болды

Алматыда жыл сайын атап өтілетін Мемлекеттік қызметшілердің кәсіби мерекесі күні — 23 маусымда атап өтілді.

Осы күнге орай Алматы қаласы Экономика басқармасының қызметкерлері жоғары кәсіби біліктілігі мен адал жұмысы үшін марапатталды.

Мегаполистің экономикалық саясатын дамытуға қосқан үлесі үшін Басқарма басшысының орынбасары Алия Исмарқызы Савазиева қала әкімі Дархан Сатыбалдының алғыс хатымен марапатталды.

«Үздік мемлекеттік қызметші» төсбелгісімен өз қызметін жоғары жауапкершілікпен және тиімді деңгейде атқарған әлеуметтік-экономикалық мониторинг бөлімінің бас маманы Бану Дүйсенбайқызы Қабиева марапатталды.

Экономика басқармасының басшысы Өмірбаев Дастан ұжымды мерекемен құттықтап, әріптестеріне еңбектері үшін алғыс айтып, оларға денсаулық, кәсіби тұрғыда өсу және қала игілігі үшін жаңа жетістіктерге жете беруді тіледі.