«Таза Қазақстан» республикалық акциясы аясында Алматы қаласында жағалаулар мен жағалау аймақтарын тазалауды көздейтін «Таза жағалау» акциясы өткізілді. Акция келесі орындар бойынша өткізілді: Есентай өзенінің бойында Тимирязев көшесінен Абай даңғылына дейін және Керей-Жәнібек хандар көшесінің бойында, «Медеу» орманшылығының аумағын аумағын қамтыды. Бұндай бастамалар экологиялық мәдениетті нығайтуға және табиғатқа ұқыпты қараудың маңыздылығын түсінуге ықпал етеді.