Алматыда Орталық Азиядағы ең ірі PowerTech 2025 конференциясы мен көрмесі өтті

Алматыда Орталық Азиядағы ең ірі PowerTech 2025 конференциясы мен көрмесі өтті

Алматыда Орталық Азиядағы ең ірі PowerTech 2025 конференциясы мен көрмесі өтті. Іс-шара өнеркәсіпті декарбонизациялау және жаңартылатын энергия көздерін дамыту мәселелеріне арналды. Конференция жұмысына Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар вице-министрі Мансур Ошурбаев, «Халықаралық жасыл технологиялар және инвестициялық жобалар орталығы» КЕАҚ (ХЖТИЖО) басқарма төрағасының орынбасары Сәуле Қозыке, Алматы қаласы Экология және қоршаған орта басқармасы басшысының орынбасары Қожекенов Мадияр, Арын Орсариев (Қазақстан коммерцияландыру альянсының президенті), Владислав Завадский (CAREC институтының Ғылыми-зерттеу бөлімі), Кендрик Уайт (Технологияларды коммерцияландыру орталығының директоры, Алматы Менеджмент Университеті), Ербол Сүлейменов (жоғары білім, ғылым және инновациялар жөніндегі сарапшы, KIMEP Университетінің тәуелсіз директоры), Джакомо Джаннетто (қаржы секторының жетекші маманы, FIN-SG, Азия Даму Банкі), сондай-ақ шетелдік елдерден келген делегациялар мен сарапшылар.