Алматы әкімі автобуста әйелді құтқарған Райымбек Медетбекті марапаттады

Алматы әкімі автобуста әйелді құтқарған Райымбек Медетбекті марапаттады

Қала басшысы Ерболат Досаев әйелді автобуста күш көрсетуден құтқарып қалған Райымбек Медетбекпен кездесті. Алматы әкімі оған ерлігі, батылдығы мен белсенді азаматтық ұстанымы үшін алғыс айтты, сонымен қатар Алғыс хат пен бағалы сыйлықты табыс етті.

23 жастағы Райымбек Медетбек Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің түлегі, Алматы қаласы экология және қоршаған орта басқармасының «Медеу» мемлекеттік өңірлік табиғи паркі» КММ жұмыс істейді.

Еске салсақ, бұған дейін Алматыда ер адам автобуста әйелге пышақ салған болатын. Райымбек Медетбек пен куәгерлердің жедел әрекеттерінің арқасында күш көрсетуші залалсыздандырылып, әйелдің өмірін сақтап қалды.

Instagram