25 мамырға дейін қаладағы 60 коммуналдық субұрқақты іске қосу жоспарланған

25 мамырға дейін қаладағы 60 коммуналдық субұрқақты іске қосу жоспарланған

25 мамырға дейін қаладағы 60 коммуналдық субұрқақты іске қосу жоспарланған. Қазіргі кезде оның он алтысы қосылып тұр. Жалпы, Алматыда 128 субұрқақ бар, оның алпыс үші қала меншігінде, ал алпыс бесі жекенменшікте.

Субұрқақтар сағ. 09:00 мен 23:00 аралығында жұмыс істейді. Субұрқақтарда жөндеу, санитарлық тазарту мен тазалау жұмыстары үнемі жүргізіліп отырады.

Әрбір субұрқақта қауіпсіздік мақсатында шомылуға болмайтындығы туралы тақтайшалар орнатылған. Құрылымдардың ішінде электр жабдығы, суасты жарықтандыру құрылғысы, суасты сорғылар мен т.б. жабдықтар орналасқан.