Алматы арықтарының үштен бір бөлігі жөндеуді қажет етеді

Алматы арықтарының үштен бір бөлігі жөндеуді қажет етеді

Алматы арықтарының үштен бір бөлігі жөндеуді қажет етеді

Жауын-шашын кезінде көшелер мен аулаларды су басу біздің қала үшін сирек емес. Осыған байланысты қала әкімі қала тұрғындарының шағымдарына мониторинг жүргізіп, желілер мен каналдардың жай-күйіне талдау жасауды тапсырды.

Нәтижесінде Алматыда су басқан 56 учаске анықталды. Су басудың негізгі себептері жауын-шашын кәрізімен байланысы жоқ бұзылған арықтар, жолдарға шығарылған арықтар, көмілген коллекторлар болды.

1525 км арық желілерінің 424 км (27%) жөндеуді талап етеді. Тағы 100 км арық желісін салу қажет.

Жаңбыр мен еріген суды бұру үшін қалада 16 коллектор бар. Оның ішінде 12 иесіз және қызмет көрсетілмейді: қоқыспен бітелген, арық желілеріне қосылмаған.

Ағымдағы жылы қаланың жалпы ұзындығы 376 км арық желісін салу және реконструкциялау бойынша жұмыстар басталады.

Бүгінде арық желілерін салу және қалпына келтіру жұмыстары басталды. Жобаға енгізілген толықтырулардан кейін арық желілері бірыңғай жүйеге біріктіріліп, оларды жасыл желектерді суару үшін де пайдаланатын болады. Бұл Алматының су басуын болдырмауға мүмкіндік береді.