Алматыда жаппай тәртіп бұзушылық кезінде экологиялық бекеттер өртелген

Алматыда жаппай тәртіп бұзушылық кезінде экологиялық бекеттер өртелген

Алматыда жаппай тәртіп бұзушылық кезінде экологиялық бекеттер өртелген

Алматы қаласында бұзақылардың әрекеті нәтижесінде 13 экологиялық бекет өртеніп кеткен, 4 бекетті сындырып, тонаған. Тек 2 бекет қана аман қалған.

Қазіргі кезде 4 бекетті қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп жатыр, олар аптаның аяғына дейін іске қосылады. Ал 13 бекетті жөндеп,қалпына келтіру үшін көбірек уақыт қажет.

Өртелген бекеттерді қала әкімі Бақытжан Сағынтаевтың тапсырмасына сәйкес орнынан алып тастап, орнына жаңасын орнату бойынша жұмыстар қолға алынды.
Сонымен қатар,  бекеттер қалпына келтірілгеннен кейін жауапты қызметкерлер өлшеу жұмыстарын жалғастыратын болады. Алайда төтенше жағдай аяқталғаннан кейін уақытша айыппұл салынбайтындығын атап өткен жөн. Жаңа экологиялық бекеттердің жұмыстарының қайта толық қалпына келуі туралы ақпарат қосымша жарияланатын болады.