2026 жылға арналған Алматы қаласы Экология және қоршаған орта басқармасында (бұдан әрі – Басқарма) сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау жүргізу кестесіне және Басшының 2026 жылғы 22 мамырдағы № 82-н/қ бұйрығына сәйкес, 2026 жылдың 4 мамыр мен 4 маусым аралығында Басқарманың қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау жүргізіледі.
Компания қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау мынадай бағыттар бойынша жүргізілетін болады:
Қызметті, оның ұйымдастырушылық - басқару қызметін реттейтін нормативтік құқықтық актілер мен ішкі құжаттарға сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің болуына талдау жүргізу (оның ішінде қызмет бағыттары бойынша) (тексерілетін кезеңде серіктестікке қабылданған қолданыстағы құқықтық актілердегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау);
- Серіктестіктің қызметіне қатысты ішкі нормативтік құжаттарда сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау және бағалау:
- Персоналды басқарумен байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;
- Мүдделер қақтығысына байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;
- Ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметтен туындайтын өзге де мәселелерді іске асыруға байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;
- Мемлекеттік сатып алу саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;
- Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелері бойынша анықталған сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды анықтау;
- Қызмет туралы ақпарат жинауды жүргізу (тәртіптік практика, рұқсат беру функцияларын іске асыру және өзге де мәселелер).
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдері мен әкімшілік кедергілер туралы мәліметтер, сондай-ақ талданатын саланы жетілдіру бойынша ұсыныстар болған жағдайда, 2026 жылғы 4 мамырға дейін байланыс нөмірі бойынша хабарласуыңызды сұраймыз +7 700 700 1693, сондай-ақ мына мекенжай бойынша: № 418 кабинет, Республика алаңы, 4.
Келіп түскен ақпарат сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою бойынша ұсынымдар әзірлеу үшін пайдаланылатын болады. Құпиялылық пен анонимділікке кепілдік беріледі.