«Almaty Clean&Green» экологиялық акциясы аясында "Алматы қаласы Дін істері жөніндегі басқармасы" КММ қызметкерлері және оған қарасты «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ өкілдері ағаш отырғызу іс-шарасына қатысты. Бұл шара қаламыздың экологиялық жағдайын жақсартуға және Алматының табиғатын сақтау мен тазалығын қамтамасыз етуге бағытталған маңызды қадам болып табылады.