Сипаттама

Сипаттама

Егер сізді дін саласының өзекті мәселелері қызықтырса мұқият назар аударуыңызды сұраймыз!

Алматы тұрғындары үшін дін саласындағы өзекті мәселелерге қатысты бірнеше номинация бойынша үздік материалдар дайындауға арналған арнайы  байқау жарияланды.

Байқау келесі номинациялар бойынша өтеді:

  1. Үздік пікір;
  2. Әлеуметтік желілердегі үздік тақырыптық пост;
  3. Үздік мотивациялық сөз және үндеу;
  4. Интернет-ресурста қазақ тіліндегі үздік мақала;
  5. Интернет-ресурста орыс тіліндегі үздік мақала;
  6. «Инстаграм» әлеуметтік желісіндегі үздік бейнеролик;
  7. «Тикток» әлеуметтік желісіндегі үздік бейнеролик.

Байқау жеңімпаздары мен қатысушылары үшін жалпы қаржылай сыйақы сомасы 3 500 000 теңгені құрайды.

Байқауға қатысуға құжаттар қабылдау мерзімі: 2025 жылғы 1 қазанға дейін.

Байқауға қатысуға өтінім мен әзірленген материалдарды almaty.baiqau.2025@mail. ru поштасына жолдау қажет.

Байқау туралы толық ақпарат ЕРЕЖЕДЕ қамтылған!

Байқауға қатысыңыз және ақшалай сыйақы алу бойынша өз мүмкіндігіңізді жіберіп алмаңыз!