Қазылар алқасы (бұдан әрі – ҚА) – бұл уақытша құрылатын орган, байқау жеңімпаздарын іріктеу және бақылау үшін құрылады. Қазылар алқасының басты мақсаты байқау өткізу ережелерінің сақталуына сапалы бақылауды жүзеге асыру, жеңімпаздарды таңдаудың айқындығы мен бейтараптығы болып табылады.
2.1 ҚА мүшелері Алматы қаласы Дін істері жөніндегі басқармасының өкілдері, қоғам қайраткерлері, дін саласындағы қоғамдық бірлестіктердің өкілдері және журналистер бола алады.
2.2 ҚА құрамына кемінде 5 (бес) және 9 (тоғыз) мүшеден аспауы тиіс, қазылар алқасының жұп санына жол берілмейді. Комиссияны төраға, ал ол болмаған жағдайда төрағаның орынбасары басқарады.
2.3 ҚА мүшелері конкурстың іріктеу кезеңдерін зерделегеннен кейін қорытынды дауыс беруге жауапты болады. Қазылар алқасының барлық шешімдері хаттамаланады.
3.1 Жалпы жүлде қоры 3 500 000 теңгені құрайды. Жеңімпаздарды номинациялар бойынша марапаттау келесідей көлемдегі ақшалай сертификаттарды табыстау арқылы өтеді:
- үздік пікір – 150 000 тг.;
- әлеуметтік желілердегі үздік тақырыптық пост – 300 000 тг.;
- үздік мотивациялық сөз және үндеу – 350 000 тг.;
- интернет-ресурста қазақ тіліндегі үздік мақала – 400 000 тг.;
- интернет-ресурста орыс тіліндегі үздік мақала – 400 000 тг.;
- «инстаграм» әлеуметтік желісіндегі үздік бейнеролик – 600 000 тг.;
- «тикток» әлеуметтік желісіндегі үздік бейнеролик – 600 000 тг.;
Сондай-ақ, басқа қатысушыларға 70 мың теңгедегі сомаға 10 ынталандыру ақшалай сертификаты табысталады.
3.2 Марапаттарды берудің ашықтығы Байқаудың барлық кезеңдерін белгілейтін материалдарды жинаумен және бақылауға қол жеткізумен қамтамасыз етіледі.
3.3 Марапаттарды берудің объективтілігі мен бейтараптылығы Байқауға қатысушыларды бағалау және бақылау функцияларын бөлумен қамтамасыз етіледі.
3.4 Байқауға қатысу үшін қатысушылардың жұмыстары онлайн режимде қабылданады, онда әрбір қатысушыға өз жұмысын және өзі туралы ақпаратты ҚА бекітілген нысаны бойынша almaty.baiqau.2025@mail.ru ресми поштаға жіберу қажет.
3.5 Байқау барысында қатысушылардың жеке деректері тек ұйымдастырушыларға белгілі. Ұйымдастырушылар байқауға қатысушылар туралы жеке деректердің құпиялылығын сақтауға жеке жауапкершілікте болады.
4.1 Байқауға 16 жастан жоғары Алматы қаласының барлық тұрғындары қатыса алады.
4.2 Байқауға қатысушылардың жұмыстары дербес және байқау талаптарына сәйкес орындалуы тиіс. Келіп түскен материалдар осы конкурсқа қатысу үшін арнайы дайындалуған болуы тиіс. Алматы қаласы Дін істері жөніндегі басқармасы мен басқа да ұйымдардың байқаудан тыс тапсырыстары бойынша дайындалған материалдардың қатысуына жол берілмейді.
4.3 Жұмыстар қазақ және орыс тілдерінде қабылданады.
4.4 Байқауға қатысу үшін қатысушылар өз жұмыстарын және өздері туралы ақпаратты almaty.baiqau.2025@mail.ru поштасына 2025 жылғы 1 қазанға дейін жіберуі қажет.
Келіп түскен материалдар келесі талаптарға сай болуы керек:
«Үздік пікір» номинациясы
- Байқауға қатысушылардың пікірі конкурс талаптарына және мазмұнына сәйкес орындалуы тиіс;
- Instagram және Tiktok әлеуметтік желілеріндегі @din_almaty ресми парақшаларында 2025 жылдың басынан бері зайырлылық, толеранттылық, қоғамдағы конфессияаралық келісім, қазақ халқының рухани құндылықтары, дәстүр мен дін, сондай-ақ радикалды діни идеологияның, діни экстремизм мен терроризмнің зияндылығы туралы атап өте отырып патриотизм, Отанға деген махаббат, Қазақстанның тарихи және қасиетті орындары туралы жарияланған кез-келген посттың тақырыбына сәйкес, мазмұнды және мағыналы 100 сөзден кем емес пікір қалдыру;
- байқауға қатысушылар Алматы қаласы Дін істері жөніндегі басқармасының Instagram және Tiktok әлеуметтік желілеріндегі @din_almaty ресми парақшасына тіркелуі тиіс;
- байқауға қатысу үшін бір хабарламамен @din_almaty ресми парақшасында жарияланған посттағы пікірдің скриншотын, посттың сілтемесін №1 қосымшаға сәйкес байқауға қатысушының толтырылған сауалнамасын поштаға жіберу қажет;
- барлық қажетті материалдарды almaty.baiqau.2025@mail.ru поштасына 2025 жылғы 1 қазан сағ. 00.00-ге дейін жіберу керек.
«Әлеуметтік желілердегі үздік тақырыптық пост» номинациясы:
- аталған номинация бойынша қатысушылар байқауға қатысушының толтырылған сауалнамасынан (№1 қосымшаға сәйкес) бөлек, әлеуметтік желілердегі жеке парақшаларында жарияланған авторлық посттың Word құжатындағы нұсқасын, скриншотын және постқа сілтемені ұсынуы тиіс. Қатысушының жеке парақшасы көпшілікке қолжетімді және ашық болуы тиіс;
- Байқауға қатысушылардың жұмыстары дербес және конкурс талаптарына сәйкес орындалуы тиіс;
- пост кемінде 100 сөзден тұруы және Байқау аясындағы келесі тақырыптарға сәйкес келуі тиіс: зайырлылық, толеранттылық, қоғамдағы конфессияаралық келісім, қазақ халқының рухани құндылықтары, дәстүр мен дін, сондай-ақ радикалды діни идеологияның, діни экстремизм мен терроризмнің зияндылығы туралы атап өте отырып патриотизм, Отанға деген махаббат, Қазақстанның тарихи және қасиетті орындары туралы;
- келіп түскен материалдар осы байқауға қатысу үшін арнайы дайындалуы тиіс. Алматы қаласы Дін істері жөніндегі басқармасы мен басқа да ұйымдардың басқа тапсырыстары бойынша дайындалған материалдар байқауға қатыстырылмайды;
- байқауға қатысуға жолданған пост автордың Instagram, Facebooк, Tiktok әлеуметтік желілеріндегі жеке парақшасында жарияланған болуы тиіс және Алматы қаласы Дін істері жөніндегі басқармасының @din_almaty, Алматы дін - религия Алматы ресми аккаунттарын белгілеу қажет;
- авторлық постта «материал Алматы қаласы Дін істері жөніндегі басқармасымен ұйымдастырылған байқауға қатысу мақсатында дайындалған» деп атап өту керек;
- Байқауға қатысушылардың Instagram/Facebook әлеуметтік желілеріндегі оқырман саны 3000-нан кем болмау керек;
- байқауға қатысу үшін бір хабарламамен word құжатындағы посттың мәтінін, Instagram/TikTok әлеуметтік желісіндегі жеке парақшасында жарияланымның сілтемесі мен скриншотын №1 қосымшаға сәйкес конкурсқа қатысушының толтырылған сауалнамасын поштаға жіберу қажет;
- барлық қажетті материалдарды almaty.baiqau.2025@mail.ru поштасына 2025 жылғы 1 қазан сағ. 00.00-ге дейін жіберу керек.
«Үздік мотивациялық сөз және үндеу» номинациясы
- мотивациялық сөз және үндеу Байқау аясындағы келесі тақырыптарға сәйкес келуі тиіс: зайырлылық, толеранттылық, қоғамдағы конфессияаралық келісім, қазақ халқының рухани құндылықтары, дәстүр мен дін, сондай-ақ радикалды діни идеологияның, діни экстремизм мен терроризмнің зияндылығы туралы атап өте отырып патриотизм, Отанға деген махаббат, Қазақстанның тарихи және қасиетті орындары туралы;
- Байқауға қатысушылардың үндеуі және ұраны конкурс талаптарына сәйкес орындалуы тиіс;
- байқауға қатысуға жолданған үндеу және ұран автордың өзімен мәнерлеп оқылған видео форматта Instagram/TikTok әлеуметтік желісіндегі жеке парақшасында жарияланған болуы тиіс және Алматы қаласы Дін істері жөніндегі басқармасының @din_almaty ресми аккаунтын белгілеу, сондай-ақ аккаунт соған жазылуы қажет;
- Автордың өзімен оқылған бейнероликте «Алматы қаласы Дін істері жөніндегі басқармасымен ұйымдастырылған байқауға қатысу мақсатында дайындалған» деп атап өту керек;
- келіп түскен материалдар осы байқауға қатысу үшін арнайы дайындалуы тиіс. Алматы қаласы Дін істері жөніндегі басқармасы мен басқа да ұйымдардың басқа тапсырыстары бойынша дайындалған материалдар байқауға қатыстырылмайды;
- байқауға қатысу үшін бір хабарламамен Instagram/TikTok әлеуметтік желісіндегі жеке парақшасында жарияланымның сілтемесін, бейнероликті, скриншотты,
№1 қосымшаға сәйкес байқауға қатысушының толтырылған сауалнамасын поштаға жіберу қажет;
- барлық қажетті материалдарды almaty.baiqau.2025@mail.ru поштасына 2025 жылғы 1 қазан сағ. 00.00-ге дейін жіберу керек.
«Интернет-ресурста қазақ тіліндегі үздік мақала» мен
«интернет-ресурста орыс тіліндегі үздік мақала» номинациялары
- жоғарыда аталған поштаға жолданатын мақаланың электрондық нұсқасы Word құжатында жолдануы керек;
- мақала Байқау аясындағы келесі тақырыптарға сәйкес келуі тиіс: зайырлылық, толеранттылық, қоғамдағы конфессияаралық келісім, қазақ халқының рухани құндылықтары, дәстүр мен дін, сондай-ақ радикалды діни идеологияның, діни экстремизм мен терроризмнің зияндылығы туралы атап өте отырып патриотизм, Отанға деген махаббат, Қазақстанның тарихи және қасиетті орындары туралы;
- Байқауға қатысушылардың жұмыстары дербес және конкурс талаптарына сәйкес орындалуы тиіс;
- байқауға қатысуға жолданған мақала қазақстандық ақпараттық интернет порталдарда жарияланған болуы тиіс (байқауға қатысуға жіберілетін өтінімге Word құжатынан бөлек мақаланың сайтттағы жарияланған скриншоты мен сілтемесі қосымша ұсынылуы тиіс);
- келіп түскен материалдар осы байқауға қатысу үшін арнайы дайындалуы тиіс. Алматы қаласы Дін істері жөніндегі басқармасы мен басқа да ұйымдардың басқа тапсырыстары бойынша дайындалған материалдар байқауға қатыстырылмайды;
- мақалада және сайттағы жарияланған нұсқасында «материал Алматы қаласы Дін істері жөніндегі басқармасымен ұйымдастырылған байқауға қатысу мақсатында дайындалған» деп атап өту керек;
- материал қазақ немесе орыс тілінде болуы тиіс;
- жұмыс байқау талаптарына сәйкес қазақ немесе орыс тіліндегі интернет порталда жариялануы тиіс;
- байқауға қатысу үшін бір хабарламамен word құжатындағы мақаланы, интернет порталдағы мақалаларға жарияланымның скриншотын, №1 қосымшаға сәйкес конкурсқа қатысушының толтырылған сауалнамасын поштаға жіберу қажет;
- барлық қажетті материалдарды almaty.baiqau.2025@mail.ru поштасына 2025 жылғы 1 қазан сағ. 00.00-ге дейін жіберу керек.
«Инстаграм» әлеуметтік желісіндегі үздік бейнеролик» номинациясы
- бейнероликтің ұзақтығы 1 минуттан кем болмауы және 3 минуттан аспауы тиіс;
- бейнероликті Instagram әлеуметтік желісіндегі ашық жеке парақшасында жариялау және Алматы қаласы Дін істері жөніндегі басқармасының @din_almaty ресми аккаунтын белгілеу, сондай-ақ аккаунт соған жазылуы қажет;
- Бейнероликте міндетті түрде «материал Алматы қаласы Дін істері жөніндегі басқармасымен ұйымдастырылған байқауына қатысу мақсатында дайындалған» деп белгіленуі тиіс;
- Бейнероликте міндетті түрде «@din_almaty» аккаунты белгіленіп тұруы тиіс;
- Бейнеролик Байқау аясындағы келесі тақырыптарға сәйкес келуі тиіс: зайырлылық, толеранттылық, қоғамдағы конфессияаралық келісім, қазақ халқының рухани құндылықтары, дәстүр мен дін, сондай-ақ радикалды діни идеологияның, діни экстремизм мен терроризмнің зияндылығы туралы атап өте отырып патриотизм, Отанға деген махаббат, Қазақстанның тарихи және қасиетті орындары туралы;
- байқауға қатысушылардың бейнеролигі байқаудың талаптарына сәйкес және өз бетінше орындалуы тиіс;
- байқауға қатысу үшін поштаға бір хабарламамен бейнеролик, әлеуметтік желілерде бейнеролик жарияланымының скриншотын, сілтемесін, №1 қосымшаға сәйкес конкурсқа қатысушының толтырылған сауалнамасын жіберу қажет;
- барлық қажетті материалдарды almaty.baiqau.2025@mail.ru поштасына 2025 жылғы 1 қазан сағ. 00.00-ге дейін жіберу керек.
Ескертпе: «Инстаграм» әлеуметтік желісіндегі үздік бейнеролик» номинациясына дайындалған бейнеролик «Тикток» әлеуметтік желісіндегі үздік бейнеролик» номинациясына қатыса алмайды.
«Тикток» әлеуметтік желісіндегі үздік бейнеролик» номинациясы
- бейнероликтің ұзақтығы 1 минуттан кем болмауы және 3 минуттан аспауы тиіс;
- бейнероликті TikTok әлеуметтік желісіндегі жеке парақшасында жариялау және Алматы қаласы Дін істері жөніндегі басқармасының @din_almaty ресми аккаунтын белгілеу, сондай-ақ аккаунт соған жазылуы қажет;
- бейнероликте міндетті түрде «материал Алматы қаласы Дін істері жөніндегі басқармасымен ұйымдастырылған байқауына қатысу мақсатында дайындалған» деп белгіленуі тиіс;
- бейнероликте міндетті түрде «@din_almaty» аккаунты белгіленіп тұруы тиіс;
- бейнеролик Байқау аясындағы келесі тақырыптарға сәйкес келуі тиіс: зайырлылық, толеранттылық, қоғамдағы конфессияаралық келісім, қазақ халқының рухани құндылықтары, дәстүр мен дін, сондай-ақ радикалды діни идеологияның, діни экстремизм мен терроризмнің зияндылығы туралы атап өте отырып патриотизм, Отанға деген махаббат, Қазақстанның тарихи және қасиетті орындары туралы;
- байқауға қатысушылардың бейнеролигі байқаудың талаптарына сәйкес және өз бетінше орындалуы тиіс;
- байқауға қатысу үшін поштаға бір хабарламамен бейнеролик, әлеуметтік желілерде бейнеролик жарияланымының скриншотын, сілтемесін, №1 қосымшаға сәйкес конкурсқа қатысушының толтырылған сауалнамасын жіберу қажет;
- барлық қажетті материалдарды almaty.baiqau.2025@mail.ru поштасына 2025 жылғы 1 қазан сағ. 00.00-ге дейін жіберу керек.
Ескертпе: «Тикток» әлеуметтік желісіндегі үздік бейнеролик» номинациясына дайындалған бейнеролик «Инстаграм» әлеуметтік желісіндегі үздік бейнеролик» номинациясына қатыса алмайды.
«Үздік әлеуметтік бейнеролик» номинациясы
- бейнероликтің регламенті 3 минуттан кем болмауы тиіс;
- бейнероликті Instagram/Tiktok әлеуметтік желісіндегі жеке парақшасында жариялау және Алматы қаласы Дін істері жөніндегі басқармасының @din_almaty ресми аккаунтын белгілеу қажет;
- бейнероликте міндетті түрде «материал Алматы қаласы Дін істері жөніндегі басқармасымен ұйымдастырылған журналистер байқауына қатысу мақсатында дайындалған» деп белгіленуі тиіс;
- бейнероликте міндетті түрде «@din_almaty» аккаунты белгіленіп тұруы тиіс;
- бейнеролик Байқау аясындағы келесі тақырыптарға сәйкес келуі тиіс: зайырлылық, толеранттылық, қоғамдағы конфессияаралық келісім, қазақ халқының рухани құндылықтары, дәстүр мен дін, патриотизм, Отанға деген махаббат, Қазақстанның тарихи және қасиетті орындары, радикалды діни идеологияның, діни экстремизм мен терроризмнің зияндылығы;
- байқауға қатысушылардың бейнеролигі байқаудың талаптарына сәйкес және өз бетінше орындалуы тиіс;
- байқауға қатысу үшін поштаға бір хабарламамен бейнеролик, әлеуметтік желілерде бейнеролик жарияланымының скриншотын, сілтемесін, №1 қосымшаға сәйкес конкурсқа қатысушының толтырылған сауалнамасын жіберу қажет;
- барлық қажетті материалдарды almaty.baiqau.2025@mail.ru поштасына 2025 жылғы 1 қазан сағ. 00.00-ге дейін жіберу керек..
Маңызды ескерту: барлық дайындалған материалдар діни экстремизм идеологиясының зияны туралы хабардар етуге, сондай-ақ қазақ халқының дәстүрлі және рухани құндылықтарын түсіндіруге бағытталуы керек.
- Ұйымдастыру алқасы қатысушыдан келіп түскен құжаттарды қабылдап, одан әрі қазылар алқасы мүшелерінің қарауына ұсынады.
- Қазылар алқасының шешімі хаттамамен рәсімделеді және оған қатысып отырған қазылар алқасы мүшелері қол қояды.
- Қазылар алқасы шешімінің негізінде жеңімпазды анықтау туралы Ұйымдастыру комитетіне ұсыныс беріледі.
- Жеңімпазды анықтау туралы шешім қазылар алқасы хаттамасы қабылданған кезден бастап күшіне енеді.
1 қосымша
Қатысушы анкетасы
Мәліметтер кириллица қарпімен жеке куәлікке сәйкес толтырылады |
|
Тегі |
|
Аты |
|
Әкесінің аты (болған жағдайда) |
|
Жұмыс немесе оқу орыны |
|
Тұрғылықты мекенжайы |
|
Байланыс телефоны |
|
Электрондық пошта |
|
Instagram/Tiktok/Facebook желісіндегі аккаунты |
|
Номинация атауы |
|
Мақала немесе материал атауы
|
|
Анкетаны толтыру уақыты: |
|