Ағымдағы жылдың 5 желтоқсанында Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаменті өкілінің, Алматы қаласы әкімдігінің әдеп жөніндегі уәкілетті өкілі М.Қ. Ахетовтің қатысуымен Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметін дамытудың 2024 - 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасын, сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама, құмар ойындарға қарсы күрес туралы заңын, мемлекеттік қызметшілердің этикасы және еңбек тәртібін сақтау және т.б. мәселелерді түсіндіру бойынша жұмыс кездесу өтті.
Кездесуге: Алматы қаласы Дін істері жөніндегі , Алматы қаласы Кәсіпкерлік және инвестициялар ,Алматы қаласы Сейсмикалық қауіпсіздік және жұмылдыру дайындығы, Алматы қаласы Туризм басқармаларының қызметкерлері қатысты.