Бірнеше номинациялар бойынша дін саласының өзекті мәселелері туралы үздік материалдарды (мақалалар, роликтер және т.б.) дайындау бойынша шығармашылық байқаудың ЕРЕЖЕСІ

Бірнеше номинациялар бойынша дін саласының өзекті мәселелері туралы үздік материалдарды (мақалалар, роликтер және т.б.) дайындау бойынша шығармашылық байқаудың  ЕРЕЖЕСІ

1.                  Жалпы ережелер

 

  • Осы ереже (бұдан әрі - Ереже) бірнеше номинациялар бойынша дін саласының өзекті мәселелері туралы үздік материалдарды (мақалалар, әлеуметтік роликтер және т.б.) дайындау байқауының (бұдан әрі - Байқау) ұйымдастыру және өткізу тәртібін, оның ұйымдастырушылық және әдістемелік қамтамасыз етілуін, байқауға қатысу тәртібін және жеңімпаздарды, жүлдегерлерді айқындауды реттейді.
  • Байқаудың негізгі міндеттері:
  • Байқау өткізу арқылы діни экстремизмге қарсы іс-қимыл және конфессияаралық келісім идеяларын, қоғамдағы тұрақтылықты нығайту мәселелеріне журналистердің және басқа да осы салаға үлесін қосуға ниетті азаматтардың барынша көп санын тарту;
  • дін саласының өзекті мәселелері туралы үздік материалдарды дайындайтын ең қабілетті журналистерді және басқа да азаматтарды анықтау және іріктеу;
  • дін саласының өзекті мәселелері туралы үздік материалдарды дайындайтын ең талантты журналистерді және басқа да азаматтарды ынталандыру;
  • Байқау қатысушыларға өздерін көрсетуге, қабілеттерін ашуға және ұйымдастырушылардың бағалы сыйлықтарының иегері болуына мүмкіндік береді;
  • Ереже талаптарының орындалуына «JASTAR» дамыту орталығы» жастар қоғамдық бірлестігінің төрағасы жауапты болады.

 

 

2.      Қазылар алқасының қызметін реттеу

 

Қазылар алқасы (бұдан әрі – ҚА) – бұл уақытша құрылатын орган, байқау жеңімпаздарын іріктеу және бақылау үшін құрылады. Қазылар алқасының басты мақсаты байқау өткізу ережелерінің сақталуына сапалы бақылауды жүзеге асыру, жеңімпаздарды таңдаудың айқындығы мен бейтараптығы болып табылады.

2.1 ҚА мүшелері Алматы қаласы Дін істері жөніндегі басқармасының өкілдері, қоғам қайраткерлері, дін саласындағы қоғамдық бірлестіктердің өкілдері және журналистер бола алады. 

2.2 ҚА құрамына кемінде 5 (бес) және 9 (тоғыз) мүшеден аспауы тиіс, қазылар алқасының жұп санына жол берілмейді. Комиссияны төраға, ал ол болмаған жағдайда төрағаның орынбасары басқарады.

2.3 ҚА мүшелері конкурстың іріктеу кезеңдерін зерделегеннен кейін қорытынды дауыс беруге жауапты болады. Қазылар алқасының барлық шешімдері хаттамаланады.

 

3.      Жүлде қоры

 

3.1 Жалпы жүлде қоры 3 050 000 теңгені құрайды. Жеңімпаздарды номинациялар бойынша марапаттау келесідей көлемдегі ақшалай сертификаттарды табыстау арқылы өтеді:

- Digital Art шеңберіндегі үздік фотожоба – 250 000 тг.;

- үздік өлең – 250 000 тг.;

- үздік үндеу және ұран – 250 000 тг.;

- үздік пікір – 250 000 тг.;

- әлеуметтік желілердегі үздік тақырыптық пост – 250 000 тг.;

- интернет-ресурста қазақ тіліндегі үздік мақала – 300 000 тг.;

- интернет-ресурста орыс тіліндегі үздік мақала – 300 000 тг.;

- «инстаграм» әлеуметтік желісіндегі үздік бейнеролик – 300 000 тг.;

- «тикток» әлеуметтік желісіндегі үздік бейнеролик – 300 000 тг.;

- үздік әлеуметтік бейнеролик – 350 000 тг.

Сондай-ақ, басқа қатысушыларға 50 мың теңгедегі сомаға 5 ынталандыру ақшалай сертификаты табысталады.

3.2 Марапаттарды берудің ашықтығы Байқаудың барлық кезеңдерін белгілейтін материалдарды жинаумен және бақылауға қол жеткізумен қамтамасыз етіледі.

3.3 Марапаттарды берудің объективтілігі мен бейтараптылығы Байқауға қатысушыларды бағалау және бақылау функцияларын бөлумен қамтамасыз етіледі.

3.4 Байқауға қатысу үшін қатысушылардың жұмыстары онлайн режимде қабылданады, онда әрбір қатысушыға өз жұмысын және өзі туралы ақпаратты ҚА бекітілген нысаны бойынша almaty.baiqau.2024@mail.ru  ресми поштаға жіберу қажет.

3.5 Байқау барысында қатысушылардың жеке деректері тек ұйымдастырушыларға белгілі. Ұйымдастырушылар байқауға қатысушылар туралы жеке деректердің құпиялылығын сақтауға жеке жауапкершілікте болады.

 

4.      Байқауға қатысу мерзімі мен шарттары

 

4.1 Байқауға 16 жастан жоғары Алматы қаласының барлық тұрғындары қатыса алады.

4.2 Байқауға қатысушылардың жұмыстары дербес және байқау талаптарына сәйкес орындалуы тиіс. Келіп түскен материалдар осы конкурсқа қатысу үшін арнайы дайындалуған болуы тиіс. Алматы қаласы Дін істері жөніндегі басқармасы мен басқа да ұйымдардың байқаудан тыс тапсырыстары бойынша дайындалған материалдардың қатысуына жол берілмейді.

4.3 Жұмыстар қазақ және орыс тілдерінде қабылданады.

4.4 Байқауға қатысу үшін қатысушылар өз жұмыстарын және өздері туралы ақпаратты almaty.baiqau.2024@mail.ru поштасына 2024 жылғы 1 қазанға дейін жіберуі қажет.

 

Келіп түскен материалдар келесі талаптарға сай болуы керек:

 

«Digital Art шеңберіндегі үздік фотожоба» номинациясы

- жоғарыда аталған поштаға JPEG/JPG форматында фотожоба жолдануы керек;

- фотожоба Байқау аясындағы келесі тақырыптарға сәйкес келуі тиіс: зайырлылық, толеранттылық, қоғамдағы конфессияаралық келісім, қазақ халқының рухани құндылықтары, дәстүр мен дін, патриотизм, Отанға деген махаббат, Қазақстанның тарихи және қасиетті орындары, радикалды діни идеологияның, діни экстремизм мен терроризмнің зияндылығы;

фотожобаны Instagram/ TikTok әлеуметтік желісіндегі жеке парақшасында пост ретінде жариялау және Алматы қаласы Дін істері жөніндегі басқармасының @din_almaty ресми аккаунтын белгілеу белгілеу, сондай-ақ аккаунт соған жазылуы қажет;

- авторлық постта «материал Алматы қаласы Дін істері жөніндегі басқармасымен ұйымдастырылған байқауға қатысу мақсатында дайындалған» деп атап өту керек;

  • келіп түскен материалдар осы байқауға қатысу үшін арнайы дайындалуы тиіс. Алматы қаласы Дін істері жөніндегі басқармасы мен басқа да ұйымдардың басқа тапсырыстары бойынша дайындалған материалдар байқауға қатыстырылмайды;

- Байқауға қатысушылардың жұмыстары дербес және конкурс талаптарына сәйкес орындалуы тиіс;

- байқауға қатысу үшін бір хабарламамен JPEG/JPG форматындағы фотожобаны, Instagram/TikTok әлеуметтік желісіндегі жеке парақшасында жарияланымның сілтемесін, №1 қосымшаға сәйкес конкурсқа қатысушының толтырылған сауалнамасын поштаға жіберу қажет;

  • барлық қажетті материалдарды baiqau.2024@mail.ru поштасына 2024 жылғы 1 қазан сағ. 24.00-ге дейін жіберу керек.

 

«Үздік өлең» номинациясы

- жоғарыда аталған поштаға жолданатын өлеңнің электрондық нұсқасы Word құжатында жолдануы керек;

- өлең Байқау аясындағы келесі тақырыптарға сәйкес келуі тиіс: зайырлылық, толеранттылық, қоғамдағы конфессияаралық келісім, қазақ халқының рухани құндылықтары, дәстүр мен дін, патриотизм, Отанға деген махаббат, Қазақстанның тарихи және қасиетті орындары, радикалды діни идеологияның, діни экстремизм мен терроризмнің зияндылығы;

- Байқауға қатысушылардың өлеңдері авторлық болуы және конкурс талаптарына сәйкес орындалуы тиіс;

- байқауға қатысуға жолданған өлең автордың өзімен мәнерлеп оқылған видео форматта Instagram/TikTok әлеуметтік желісіндегі жеке парақшасында жарияланған болуы тиіс және Алматы қаласы Дін істері жөніндегі басқармасының @din_almaty ресми аккаунтын белгілеу белгілеу, сондай-ақ аккаунт соған жазылуы қажет;

- автордың өзімен мәнерлеп оқылған видеода «Алматы қаласы Дін істері жөніндегі басқармасымен ұйымдастырылған байқауға қатысу мақсатында дайындалған» деп атап өту керек;

- келіп түскен материалдар осы байқауға қатысу үшін арнайы дайындалуы тиіс. Алматы қаласы Дін істері жөніндегі басқармасы мен басқа да ұйымдардың басқа тапсырыстары бойынша дайындалған материалдар байқауға қатыстырылмайды;

- байқауға қатысу үшін бір хабарламамен word құжатындағы өлеңнің мәтіні, Instagram/TikTok әлеуметтік желісіндегі жеке парақшасында жарияланымның сілтемесін, №1 қосымшаға сәйкес конкурсқа қатысушының толтырылған сауалнамасын поштаға жіберу қажет;

- барлық қажетті материалдарды almaty.baiqau.2024@mail.ru поштасына                   2024 жылғы 1 қазан сағ. 24.00-ге дейін жіберу керек.

 

«Үздік үндеу және ұран» номинациясы

- жоғарыда аталған поштаға жолданатын үндеу және ұранның электрондық нұсқасы Word құжатында жолдануы керек;

- үндеу және ұран Байқау аясындағы келесі тақырыптарға сәйкес келуі тиіс:  зайырлылық, толеранттылық, қоғамдағы конфессияаралық келісім, қазақ халқының рухани құндылықтары, дәстүр мен дін, патриотизм, Отанға деген махаббат, радикалды діни идеологияның, діни экстремизм мен терроризмнің зияндылығы;

- Байқауға қатысушылардың үндеуі және ұраны конкурс талаптарына сәйкес орындалуы тиіс;

- байқауға қатысуға жолданған үндеу және ұран автордың өзімен мәнерлеп оқылған видео форматта Instagram/TikTok әлеуметтік желісіндегі жеке парақшасында жарияланған болуы тиіс және Алматы қаласы Дін істері жөніндегі басқармасының @din_almaty ресми аккаунтын белгілеу, сондай-ақ аккаунт соған жазылуы қажет;

- Автордың өзімен оқылған видеода «Алматы қаласы Дін істері жөніндегі басқармасымен ұйымдастырылған байқауға қатысу мақсатында дайындалған» деп атап өту керек. Сондай-ақ, видеода үндеу мен ұранның мағынасын түсіндіруі тиіс;

- келіп түскен материалдар осы байқауға қатысу үшін арнайы дайындалуы тиіс. Алматы қаласы Дін істері жөніндегі басқармасы мен басқа да ұйымдардың басқа тапсырыстары бойынша дайындалған материалдар байқауға қатыстырылмайды;

- байқауға қатысу үшін бір хабарламамен word құжатындағы үндеу және ұранды, Instagram/TikTok әлеуметтік желісіндегі жеке парақшасында жарияланымның сілтемесін, №1 қосымшаға сәйкес конкурсқа қатысушының толтырылған сауалнамасын поштаға жіберу қажет;

- барлық қажетті материалдарды almaty.baiqau.2024@mail.ru поштасына                   2024 жылғы 1 қазан сағ. 24.00-ге дейін жіберу керек.

 

«Үздік пікір» номинациясы

- жоғарыда аталған поштаға жолданатын пікірдің скриншоты жолдануы керек;

- Байқауға қатысушылардың пікірі конкурс талаптарына және мазмұнына сәйкес орындалуы тиіс;

- Instagram және Tiktok әлеуметтік желілеріндегі @din_almaty ресми парақшаларында 2024 жылдың басынан бері зайырлылық, толеранттылық, қоғамдағы конфессияаралық келісім, қазақ халқының рухани құндылықтары, дәстүр мен дін, патриотизм, Отанға деген махаббат, радикалды діни идеологияның, діни экстремизм мен терроризмнің зияндылығы туралы жарияланған кез-келген посттың тақырыбына сәйкес, мазмұнды және мағыналы 100 сөзден кем емес пікір қалдыру;

- байқауға қатысушылар Алматы қаласы Дін істері жөніндегі басқармасының Instagram және Tiktok әлеуметтік желілеріндегі @din_almaty ресми парақшасына тіркелуі тиіс;

 - байқауға қатысу үшін бір хабарламамен @din_almaty ресми парақшасында жарияланған посттағы пікірдің скриншотын, посттың сілтемесін №1 қосымшаға сәйкес байқауға қатысушының толтырылған сауалнамасын поштаға жіберу қажет;

- барлық қажетті материалдарды almaty.baiqau.2024@mail.ru поштасына                   2024 жылғы 1 қазан сағ. 24.00-ге дейін жіберу керек.

 

«Әлеуметтік желілердегі үздік тақырыптық пост» номинациясы:

- аталған номинация бойынша қатысушылар (№1 қосымшаға сәйкес) байқауға қатысушының толтырылған сауалнамасынан бөлек, әлеуметтік желілердегі жеке парақшаларында жарияланған авторлық посттың Word құжатындағы нұсқасын, скриншотын және постқа сілтемені ұсынуы тиіс;

- Байқауға қатысушылардың жұмыстары дербес және конкурс талаптарына сәйкес орындалуы тиіс;

- пост Байқау аясындағы келесі тақырыптарға сәйкес келуі тиіс:  зайырлылық, толеранттылық, қоғамдағы конфессияаралық келісім, қазақ халқының рухани құндылықтары, дәстүр мен дін, патриотизм, Отанға деген махаббат, Қазақстанның тарихи және қасиетті орындары, радикалды діни идеологияның, діни экстремизм мен терроризмнің зияндылығы;

- келіп түскен материалдар осы байқауға қатысу үшін арнайы дайындалуы тиіс. Алматы қаласы Дін істері жөніндегі басқармасы мен басқа да ұйымдардың басқа тапсырыстары бойынша дайындалған материалдар байқауға қатыстырылмайды;

- байқауға қатысуға жолданған пост автордың Instagram/Facebook әлеуметтік желілеріндегі жеке парақшасында жарияланған болуы тиіс және Алматы қаласы Дін істері жөніндегі басқармасының @din_almaty, Алматы дін - религия Алматы ресми аккаунттарын белгілеу қажет;

- авторлық постта «материал Алматы қаласы Дін істері жөніндегі басқармасымен ұйымдастырылған байқауға қатысу мақсатында дайындалған» деп атап өту керек;

- Байқауға қатысушылардың Instagram/Facebook әлеуметтік желілеріндегі оқырман саны 3000-нан кем болмау керек;

- байқауға қатысу үшін бір хабарламамен word құжатындағы посттың мәтінін, Instagram/TikTok әлеуметтік желісіндегі жеке парақшасында жарияланымның сілтемесі мен скриншотын №1 қосымшаға сәйкес конкурсқа қатысушының толтырылған сауалнамасын поштаға жіберу қажет;

- барлық қажетті материалдарды almaty.baiqau.2024@mail.ru поштасына                   2023 жылғы 1 қазан сағ. 24.00-ге дейін жіберу керек.

 

«Интернет-ресурста қазақ тіліндегі үздік мақала» мен

«интернет-ресурста орыс тіліндегі үздік мақала» номинациялары

- жоғарыда аталған поштаға жолданатын мақаланың электрондық нұсқасы Word құжатында жолдануы керек;

- мақала Байқау аясындағы келесі тақырыптарға сәйкес келуі тиіс:  зайырлылық, толеранттылық, қоғамдағы конфессияаралық келісім, қазақ халқының рухани құндылықтары, дәстүр мен дін, патриотизм, Отанға деген махаббат, Қазақстанның тарихи және қасиетті орындары, радикалды діни идеологияның, діни экстремизм мен терроризмнің зияндылығы;

- Байқауға қатысушылардың жұмыстары дербес және конкурс талаптарына сәйкес орындалуы тиіс;

- байқауға қатысуға жолданған мақала қазақстандық ақпараттық интернет порталдарда жарияланған болуы тиіс (байқауға қатысуға жіберілетін өтінімге Word құжатынан бөлек мақаланың сайтттағы жарияланған скриншоты мен сілтемесі қосымша ұсынылуы тиіс);

- келіп түскен материалдар осы байқауға қатысу үшін арнайы дайындалуы тиіс. Алматы қаласы Дін істері жөніндегі басқармасы мен басқа да ұйымдардың басқа тапсырыстары бойынша дайындалған материалдар байқауға қатыстырылмайды;

- мақалада және сайттағы жарияланған нұсқасында «материал Алматы қаласы Дін істері жөніндегі басқармасымен ұйымдастырылған байқауға қатысу мақсатында дайындалған» деп атап өту керек;

- материал қазақ немесе орыс тілінде болуы тиіс;

- жұмыс байқау талаптарына сәйкес қазақ немесе орыс тіліндегі интернет порталда жариялануы тиіс;

- байқауға қатысу үшін бір хабарламамен word құжатындағы мақаланы, электрондық порталдағы мақалаларға жарияланымның скриншотын, №1 қосымшаға сәйкес конкурсқа қатысушының толтырылған сауалнамасын поштаға жіберу қажет;

- барлық қажетті материалдарды almaty.baiqau.2024@mail.ru поштасына                   2024 жылғы 1 қазан сағ. 24.00-ге дейін жіберу керек.

 

«Инстаграм» әлеуметтік желісіндегі үздік бейнеролик» номинациясы

- бейнероликтің ұзақтығы 1 минуттан кем болмауы және 2 минуттан аспауы  тиіс;

- бейнероликті Instagram әлеуметтік желісіндегі жеке парақшасында жариялау және Алматы қаласы Дін істері жөніндегі басқармасының @din_almaty ресми аккаунтын белгілеу, сондай-ақ аккаунт соған жазылуы қажет;

 

- Бейнероликте міндетті түрде «материал Алматы қаласы Дін істері жөніндегі басқармасымен ұйымдастырылған байқауына қатысу мақсатында дайындалған» деп белгіленуі тиіс;

- Бейнероликте міндетті түрде «@din_almaty» аккаунты белгіленіп тұруы тиіс;

- Бейнеролик Байқау аясындағы келесі тақырыптарға сәйкес келуі тиіс:  зайырлылық, толеранттылық, қоғамдағы конфессияаралық келісім, қазақ халқының рухани құндылықтары, дәстүр мен дін, патриотизм, Отанға деген махаббат, Қазақстанның тарихи және қасиетті орындары, радикалды діни идеологияның, діни экстремизм мен терроризмнің зияндылығы;

- байқауға қатысушылардың бейнеролигі байқаудың талаптарына сәйкес және өз бетінше орындалуы тиіс;  

- байқауға қатысу үшін поштаға бір хабарламамен бейнеролик, әлеуметтік желілерде бейнеролик жарияланымының скриншотын, сілтемесін, №1 қосымшаға сәйкес конкурсқа қатысушының толтырылған сауалнамасын жіберу қажет;

- барлық қажетті материалдарды almaty.baiqau.2024@mail.ru поштасына                   2024 жылғы 1 қазан сағ. 24.00-ге дейін жіберу керек.

Ескертпе: «Инстаграм» әлеуметтік желісіндегі үздік бейнеролик» номинациясына дайындалған бейнеролик «Тикток» әлеуметтік желісіндегі үздік бейнеролик» номинациясына қатыса алмайды.

 

«Тикток» әлеуметтік желісіндегі үздік бейнеролик» номинациясы

- бейнероликтің ұзақтығы 1 минуттан кем болмауы және 2 минуттан аспауы  тиіс;

- бейнероликті TikTok әлеуметтік желісіндегі жеке парақшасында жариялау және Алматы қаласы Дін істері жөніндегі басқармасының @din_almaty ресми аккаунтын белгілеу, сондай-ақ аккаунт соған жазылуы қажет;

- бейнероликте міндетті түрде «материал Алматы қаласы Дін істері жөніндегі басқармасымен ұйымдастырылған байқауына қатысу мақсатында дайындалған» деп белгіленуі тиіс;

- бейнероликте міндетті түрде «@din_almaty» аккаунты белгіленіп тұруы тиіс;

- бейнеролик Байқау аясындағы келесі тақырыптарға сәйкес келуі тиіс:  зайырлылық, толеранттылық, қоғамдағы конфессияаралық келісім, қазақ халқының рухани құндылықтары, дәстүр мен дін, патриотизм, Отанға деген махаббат, Қазақстанның тарихи және қасиетті орындары, радикалды діни идеологияның, діни экстремизм мен терроризмнің зияндылығы;

- байқауға қатысушылардың бейнеролигі байқаудың талаптарына сәйкес және өз бетінше орындалуы тиіс;

- байқауға қатысу үшін поштаға бір хабарламамен бейнеролик, әлеуметтік желілерде бейнеролик жарияланымының скриншотын, сілтемесін, №1 қосымшаға сәйкес конкурсқа қатысушының толтырылған сауалнамасын жіберу қажет;

- барлық қажетті материалдарды almaty.baiqau.2024@mail.ru поштасына                   2024 жылғы 1 қазан сағ. 24.00-ге дейін жіберу керек.

Ескертпе: «Тикток» әлеуметтік желісіндегі үздік бейнеролик» номинациясына дайындалған бейнеролик «Инстаграм» әлеуметтік желісіндегі үздік бейнеролик» номинациясына қатыса алмайды.

 

«Үздік әлеуметтік бейнеролик» номинациясы

 

- бейнероликтің регламенті 3 минуттан кем болмауы тиіс;

- бейнероликті Instagram/Tiktok әлеуметтік желісіндегі жеке парақшасында жариялау және Алматы қаласы Дін істері жөніндегі басқармасының @din_almaty ресми аккаунтын белгілеу қажет;

- бейнероликте міндетті түрде «материал Алматы қаласы Дін істері жөніндегі басқармасымен ұйымдастырылған журналистер байқауына қатысу мақсатында дайындалған» деп белгіленуі тиіс;

- бейнероликте міндетті түрде «@din_almaty» аккаунты белгіленіп тұруы тиіс;

- бейнеролик Байқау аясындағы келесі тақырыптарға сәйкес келуі тиіс:  зайырлылық, толеранттылық, қоғамдағы конфессияаралық келісім, қазақ халқының рухани құндылықтары, дәстүр мен дін, патриотизм, Отанға деген махаббат, Қазақстанның тарихи және қасиетті орындары, радикалды діни идеологияның, діни экстремизм мен терроризмнің зияндылығы;

- байқауға қатысушылардың бейнеролигі байқаудың талаптарына сәйкес және өз бетінше орындалуы тиіс;  

- байқауға қатысу үшін поштаға бір хабарламамен бейнеролик, әлеуметтік желілерде бейнеролик жарияланымының скриншотын, сілтемесін, №1 қосымшаға сәйкес конкурсқа қатысушының толтырылған сауалнамасын жіберу қажет;

- барлық қажетті материалдарды almaty.baiqau.2024@mail.ru поштасына                   2024 жылғы 1 қазан сағ. 24.00-ге дейін жіберу керек.

 

 

Маңызды ескерту: барлық дайындалған материалдар діни экстремизм идеологиясының зияны туралы хабардар етуге, сондай-ақ қазақ халқының дәстүрлі және рухани құндылықтарын түсіндіруге бағытталуы керек.



 

  1. Қатысушылардың жұмыстарын қазылар алқасы мүшелеріне өткізуі (01.10.2024 ж. – 20.10.2024 ж.)

 

- Ұйымдастыру алқасы қатысушыдан келіп түскен құжаттарды қабылдап, одан әрі қазылар алқасы мүшелерінің қарауына ұсынады.

- Қазылар алқасының шешімі хаттамамен рәсімделеді және оған қатысып отырған қазылар алқасы мүшелері қол қояды.

- Қазылар алқасы шешімінің негізінде жеңімпазды анықтау туралы Ұйымдастыру комитетіне ұсыныс беріледі.

- Жеңімпазды анықтау туралы шешім қазылар алқасы хаттамасы қабылданған кезден бастап күшіне енеді.

 

  1. Марапаттау рәсімі

 

  • Байқау жеңімпаздарын марапаттау рәсімі Алматы қаласы Дін істері жөніндегі басқармасымен келісіле отырып, 2024 жылдың 20 қазан мен 1 қараша күндері аралығында өтеді (нақты уақыты қосымша хабарланады). Марапаттау кезінде жеңімпаздар жүлде қорының талаптарына сәйкес сыйлықтармен марапатталады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1 қосымша

 

Қатысушы анкетасы

 

Мәліметтер кириллица қарпімен жеке куәлікке сәйкес толтырылады

Тегі

 

Аты

 

Әкесінің аты (болған жағдайда)

 

Жұмыс немесе оқу орыны

 

Тұрғылықты мекенжайы

 

Байланыс телефоны

 

Электрондық пошта

 

Instagram/Tiktok желісіндегі аккаунты

 

Номинация атауы

 

Мақала немесе материал атауы

 

 

Анкетаны толтыру уақыты: