Ағымдағы жылғы 12 қараша күні Алматы қаласы Дін істері жөніндегі басқармасының қолдауымен және «Social Development Center» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен «Темір дос» спорт кешенінде Алматы қаласы Діни бірлестіктер көшбасшылары клубы мүшелері арасында волейболдан турнир өтті.

Турнирге 8 түрлі конфессиядан - Қазақстан мұсылмандары діни басқармасынан, Қазақстан Православие шіркеуінен, қасиетті елшілер Петр мен Павелдің Евангелиялық-Лютерандық шіркеуінен, «Өмір бұлағы» христиан Евангелиялық елуіншілер шіркеуінен, «Бахаи» қауымдастығынан, Евангелиялық христиан баптистер шіркеуінен, шіркеуінен, Иса Мəсіхтің соңғы қасиетті күндері мен «Агапе» шіркеулерінен командалар қатысты.
Жеребе қорытындысы бойынша командалар екі топқа бөлінді, олардың жеңімпаздары финалда жүлделі орындарға таласты. Бәсекелестік турнирдің қорытындысы бойынша бірінші орынды Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының өкілдері, екінші орынды Иса Мəсіхтің соңғы қасиетті күндері шіркеуінің өкілдері иеленді, ал үшінші орынды Әулие Петр мен Павелдің Евангелиялық-Лютерандық шіркеуі иеленді.
Аталған шараның басты мақсаты қаламыздағы конфессияаралық және қоғамдық келісімді нығайту болып табылады.