Алматы қаласының мешіт жамағаты арасындағы футбол лигасының алғашқы іріктеу турнирінде «Алғабас» мешітінің командалары өзара бақтарын сынады. Тартысты өткен кездесулер қортындысы бойынша «Алғабас» командасы жеңіске жетіп, аудандық сайысқа жолдама алды. «Сайран» футболшылары екінші орынға тұрақтаса, «Қарасай» командасы жүлделі үштікті түйіндеді.
«Ұлттық мұра» бағдарламасы аясындағы спорттық шара Алматы қаласы Дін істері жөніндегі басқармасының басшылығымен өтуде. Жарыстың басты мақсаты - мешіт жамағаты арасында бұқаралық спортты дамыту және дәріптеу.