Алматыда мешіттер жамағаты арасында қазақ күресінен турнир өтті.

Алматыда мешіттер жамағаты арасында қазақ күресінен турнир өтті.

Боз кілем бәсекесі 75 дейін және 75 жоғары салмақ дәрежелерінде өтті. Оған 40 әуесқой балуан қатысып, өзара күш сынасты.
Турнирді Алматы қаласы Дін істері жөніндегі басқарма басшысының орынбасары Көшеке Ерғали және қаланың бас имамы Төлеби Оспан сөз сөйлеп, ашып берді.
Тартысты өткен жарыстың 75 келіге дейін ақтық сынында Әскер ата мешітінің балуаны Асқаров Алмас пен Әл-Әзім мешітінің балуаны Рысжанов Айдос кездесті. Осы жарыста Асқаров Алмас чемпион атанды, ал Рысжанов Айдосқа екінші орын бұйырды. Жайсанбаев Батырбек (Әл-Әзім мешіті) үшінші орын алды.
75 келіден жоғары салмақ дәрежесінде Дүйсенғазин Ерсұлтан (Нұр Ақжар мешіті) чемпиондық белбеуін ұтып алды. Екінші орынды Әбу-Бәкір мешітінің балуаны Асыр Бақберген, ал үшінші орынды Алғабас мешітінің жамағаты Тінейбай Мұхаммед иеленді.
Бірінші орын иегерлеріне 150 000 теңге мөлшерінде ақшалай сертификаттар және чемпиондық белбеулер табысталды. Екінші орын иеленген балуандарға 100 000 теңге, ал үшінші орын алған балуандарға 50 000 теңге көлемінде арнайы сертификаттар берілді.