Алматы қаласының жоғарғы оқу орындарының студенттері өндірістік тәжірибеден өтуде

Алматы қаласының жоғарғы оқу орындарының студенттері өндірістік тәжірибеден өтуде

Алматы қаласының Дін істері басқармасы көптеген жылдар бойы еліміздің жетекші университеттерінің — Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің, Абай атындағы ҚазҰПУ-нің, Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университетінің «Дінтану» және «Исламтану» мамандықтары бойынша білім алатын студенттер үшін өндірістік тәжірибе өту базасы болып табылады.
2021 жылдың бірінші жартыжылдығында аталған университеттердің 250-ден астам студенттері онлайн және офлайн форматта өндірістік практикадан өтті.

Айта кету керек, өндірістік тәжірибе студенттерді оқытуда маңызды компонент болып табылады. Ол университетте алған білімді бекітуге және болашақ жас мамандардың кәсіби құзыреттілігі мен дағдыларын қалыптастыруға ықпал етеді.

Үштік - білім, ғылым және өндірістік тәжірибе кез-келген қызмет саласында, соның ішінде дін саласында білікті мамандарды дайындауда жақсы нәтиже беретіні сөзсіз.