Алматы қаласы әкімдігінің жанындағы Діни бірлестіктермен байланыс жөніндегі кеңес мәжілісі

Алматы қаласы әкімдігінің жанындағы Діни бірлестіктермен байланыс жөніндегі кеңес мәжілісі

Ағымдағы жылдың 23 маусым күні Алматы қаласы әкімінің орынбасары Ержан Бабақұмаровтың төрағалығымен ZOOM қосымшасы арқылы «онлайн» форматта Алматы қаласы әкімдігінің жанындағы Діни бірлестіктермен байланыс жөніндегі кеңес мәжілісі өтті.
Қала әкімдігінің жанындағы консультативтiк-кеңесшi орган болып табылатын Кеңестің мақсаты Қазақстан Республикасы азаматтарының діни сенім бостандығына құқықтарын қамтамасыз ету, қоғамдағы рухани келісімді нығайту және конфессияаралық қатынастарды үйлестіру саласындағы мемлекеттік саясат мәселелері бойынша ұсыныстар мен ұсынымдар әзірлеу болып табылады.
Бүгінгі таңда кеңес құрамына жетекші конфессиялардың көшбасшылары, дінтанушы ғалымдар және мемлекеттік орган қызметкерлері кіреді.
Мәжіліс уақытында конфессияаралық келісімді нығайту бағытында атқарылған жарты жылдық қорытындысы, сондай-ақ ағымдағы жыл соңына дейінгі жұмыс жоспары, соның ішінде жылдағы дәстүр бойынша 18 қазанда аталып өтетін «Рухани келісім күніне» орайластырылған шаралар мәселесі талқыланды.
Өз кезегінде, іс-шараға қатысушылар қаладағы діни ахуалға қатысты пікірлерімен бөлісіп, діни бірлестіктер арасындағы рухани бауырластықты нығайту бойынша ұсыныстарын жеткізді.