Алматы қаласындағы Ұлттық кітапханада Тәуелсіздіктің 30 жылдық мерейтойына арналған «Тәуелсіздік және Ислам» республикалық ғылыми-тәжірибелік «онлайн» конференциясы өтті

Алматы қаласындағы Ұлттық кітапханада Тәуелсіздіктің 30 жылдық мерейтойына арналған «Тәуелсіздік және Ислам» республикалық ғылыми-тәжірибелік «онлайн» конференциясы өтті

2021 жылдың 10 ақпан күні Алматы қаласындағы Ұлттық кітапханада Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ұйымдастыруымен Тәуелсіздіктің 30 жылдық мерейтойына арналған «Тәуелсіздік және Ислам» республикалық ғылыми-тәжірибелік «онлайн» конференциясы өтті.

Конференцияны ашқан ҚМДБ төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы шараға қатысушыларға алғыс айтып, Тәуелсіздік пен ислам құндылықтары туралы баяндама жасады.

Сонымен қатар, аталған шараға Алматы қаласы Дін істері жөніндегі басқармасының басшысы Нұрлан Қиқымов қатысып, қала әкімдігінің атынан құттықтау сөзін жеткізді.

Сондай-ақ, Мұрат Жұрынов, Мәмбет Қойгелдиев, Ахан Бижанов, Смағұл Елубай, Құл-Керім Елемес, Бақытжан Сатершинов, Шамшәдин Керім секілді зиялы қауым өкілдері мен ғалымдар Тәуелсіздік және Ислам құндылықтары, рухани жаңғыру мен жастар тәрбиесі, Тәуелсіз Қазақстандағы ислами білім жүйесінің қалыптасуы, саяси қуғын-сүргінге ұшыраған дін өкілдерін анықтау мен ақтау және өзге де өзекті мәселелерді талқылап, баяндама оқыды.