
Мемлекеттік қызметшілер күніне орай Алматы қаласының Дін істері жөніндегі басқармасында мерекелік іс-шара өтті.
Іс-шара барысында мемлекеттік қызмет саласында абыройлы еңбек етіп, өз міндеттерін жоғары жауапкершілікпен атқарып жүрген әріптестерімізге құрмет көрсетілді.
Кәсіби мереке қарсаңында Басқарманың бөлім басшысы Рысбек Тоқжан Жанболатқызы мемлекеттік қызметті дамытуға қосқан үлесі, мінсіз қызметі мен жоғары кәсібилігі үшін, сондай-ақ, Басқарманың бас маманы Сламхан Бақжан Бауыржанұлының анасы – Ұлмайраш Темірқанызына ұлдарының елжандылыққа, адалдыққа және жауапкершілікке тәрбиелеп, қоғам игілігі жолында еңбек ететін азамат қалыптастырғаны үшін Алматы қаласының әкімі Дархан Сатыбалдының қолымен алғыс хат табысталды.
Басқарма басшысы Нұрлан Медсантұлы марапат иелерін шын жүректен құттықтап, қызметтеріне толағай табыс, жаңа жетістіктер мен ел игілігі жолындағы еңбектеріне жеміс тіледі.