Лого
Меню
Страницы

Түрксіб ауданы «Жас Қанат» ықшам ауданындағы жаңадан салынған «Абдулла» мешітінің ашылу рәсімі

Ағымдағы жылдың 25 қыркүйегінде Түрксіб ауданы «Жас Қанат» ықшам ауданындағы жаңадан салынған «Абдулла» мешітінің ашылу рәсімі өтті.

Аталған салтанатты шараға Алматы қаласы Дін істері жөніндегі басқармасының басшысы Қиқымов Нұрлан Медсантұлы, Қазақстан Мұсылмандары Діни Басқармасының Бас мүфтиі Наурызбай қажы Тағанұлы және Алматы қаласының бас имамы Еркінбек Шоқай қатысып, лента кесу рәсімі өтті.

Бас мүфтидің бұйрығына сәйкес, жаңа мешіттің бас имамы болып Мырзаев Тыныштықбай Яхиявих тағайындалды.

Атап өту керек, жеке демеушілердің қолдауымен қолға алынған мешіт құрылысы 2017 жылы басталған болатын.

Қазіргі таңда «Абдулла» мешіті неке қию залы, қызметкерлер бөлмесі, дәрісхана, асхана, кең дәрет алу бөлмелері және т.б. бірқатар қажетті жайлармен қамтылған арнайы 3 қабаттан тұрады.

Сондай-ақ, мешіт ауласында балаларға арналған ойын алаңқайы мен 80 көлікке арналған тұрақ орналасқан.

 

Социальные медиа
Меню подвал
Өмірлік жағдайлар
Мемлекеттік органдардың жаңалықтар арнасы
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Мемлекеттік рәміздері
ҚР Премьер-Министрінің сайты
ҚР Президентінің сайты
ҚР Парламентінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Тұрақты даму мақсаттары