Алматы қаласының Цифрландыру басқармасы қала тұрғындарын деректерді басқару жобалары бойынша идеяларымен бөлісуге шақырады

Алматы қаласының Цифрландыру басқармасы қала тұрғындарын деректерді басқару жобалары бойынша идеяларымен бөлісуге шақырады

Цифрландыру басқармасы 2021 жылы Алматы қаласының Біріңғай деректер қоймасын (БДҚ) іске қосады, онда мемлекеттік органдар, коммерциялық ұйымдар мен академиялық институттар иесіз деректермен алмаса алады.

БДҚ құрудың мақсаты – басқарушылық шешімдерді қабылдау үшін дәлелді негізді қамтамасыз ету (data-driven decision) және сыртқы пайдаланушылардың белгілі бір қалалық деректерді пайдалануы үшін қауіпсіз ортаны қалыптастыру (IT-құмсалғыш).

Жобаны мемлекеттік органдар да, коммерциялық компаниялар да қолдады. 2020 жылдың төртінші тоқсанынан бастап Алматы қаласы Цифрландыру басқармасы, сингапурлық CrimsonLogic PTE Ltd ІТ-компаниясымен және қазақстандық «Алсеко» АҚ компаниясымен бірлесіп бір мемлекеттік және бір коммерциялық базалардың деректерін, яғни Алматы қаласы. бойынша жеке тұлғалардың мемлекеттік дерекқоры мен «Алсеко» коммуналдық төлемдердің бірыңғай базасын интеграциялау бойынша пилоттық жобаны өтеусіз негізде жүргізуде. Интеграциялау нәтижесінде коммуналдық қызметтерді көрсетушілердің базалары едәуір артты: өнім берушіге байланысты 23%-дан және одан жоғары. Мысалы, «Алматы Суда» тұтынушылар базасы 258 мың адамға өсті; жеке шоттарда жеке есепке алу аспаптары жоқ 87 мыңнан астам тұтынушы анықталды, бұл компанияның тек наурыз айында ғана аударымдарының 58,7 млн. теңгеге және сәуір айында тиісінше 55,5 млн. теңгеге ұлғаюына әкелді. «Алматы жылу жүйесі» осыған ұқсас кезеңде (2020 және 2021 жылғы сәуірдегі) ыстық сумен жабдықтаудың іске асырылуына талдау жасады: кіріс бәлігіндегі 57,8 млн. теңгені (11%) құрады, ал тұтынушылар базасы 243 387 адамға (34,5%) өсті.

Бұдан әрі, коммуналдық қызметтерді көрсетуші компаниялардың кірістерін ұлғайту есебінен коммуналдық қызметтердің инфрақұрылымдарын жаңғырту және кеңейту жұмыстарын жүргізу жоспарлануда.

Деректерді басқарудың келесі жобасы Алматы колледждері мен жоғары оқу орындары түлектерінің еңбек көші-қоны бойынша кейс болады. Жыл сайын 50 мыңға жуық жас мамандар қаланың оқу орындарын бітіріп шығады, олар өздерінің шағын отандарына барады ма, мамандығы бойынша жұмыс істейді ме, бұл жағынан олардың тағдыры белгісіз. Бұл, әсіресе, мемлекеттік гранта оқығандар үшін өзекті, яғни еңбек нарығында мемлекет мемлекеттік гранттар арқылы оқытуды ынталандыратын мамандықтар сұранысқа ие ме? Жұмыс берушілер Алматының қандай колледждері мен жоғары оқу орындарының түлектерін алғысы келеді? Мектеп түлектері қандай мамандықтар мен университеттерге назар аударуы керек?  Алматы қаласының әкімдігі осы және басқа да сұрақтарға жауаптарды «Атамекен» ҰКП, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі, «Учет.кз» компаниясымен бірлесіп пысықтайтын болады.