Алматы қаласының әкімдігі Digital Almaty 2021 форумында жасанды интеллект қолданылатын денсаулық сақтау саласындағы екі жобаны таныстырды

Алматы қаласының әкімдігі Digital Almaty 2021 форумында жасанды интеллект қолданылатын денсаулық сақтау саласындағы екі жобаны таныстырды

Digital Almaty-2021 халықаралық форумының күн тәртібінде пандемия кезінде пайда болған жаңа сын-тегеуріндер мен цифрлық бастамалар қаралды. Алматы қаласының Цифрландыру басқармасы 2020 жылы коронавирустық инфекцияға қарсы әрекет ету үшін 15 жобаны іске асырған болатын, оның екеуі 2021 жылы 5 ақпанда өткен форумда таныстырылды. Ұсынылған жобалар онокологиялық аурулар мен ишемиялық инсультты алдын ала диагностикалау секілді күрделі бағыттардағы тар шеңберлі дәрігер мамандарының тәжірибелік қызметінде жасанды интеллекттің қолданысын көздейді.

«Forus Data» компаниясы PACSрадиологиялық түсірілімдердің орталықтандырылған медициналық архивін жасауға бағытталған. Алматы – осы бастаманы бірінші болып қолдаған өңір, қазіргі таңда осы жүйемен Қазақстанның түрлі қалалары, атап айтқанда Нұр-Сұлтан, Талдықорған, Тараз, Көкшетау, Өскемен, Атырау, Павлодардың 64 ауруханасы жұмыс жасайды. Қондырылған жасанды интеллекттің арқасында дәрігер шұғыл қорытынды жасап, әрі қарай емдеуді аса қажетсінетін пациенттердің түсірілімдерін талдау мүмкіндігіне ие.

Жасанды интеллекттің көмегімен күрделі ауытқулар анықталған түсірілімдерге автоматты түрде жоғары қызыл белгі қойылады. Келесі кезек ауытқулары аз және ауытқулары жоқ түсірілімдерге беріледі.

Жасанды интеллектпен өңделген түсірілім салыстыру үшін тікелей түпнұсқа суретімен бірге сақталады. Өңдеудің нәтижесінде табылған ауытқулардың жылу картасы мен симптомдардың тізімі жасалады. Сервис өкпе ауруларының, оның ішінде пневмония, туберкулез, ісінудің (онкология) ең жиі кездесетін 14 белгісін анықтауға қабілетті. Нәтижелері автоматты түрде дәрігердің қатысуынсыз өңделіп, сақталады.

Жасанды интеллекттің көмегімен талдау жасау ауытқулары бар пациентке сол түсірілім жасалған күні диагностика жасауға мүмкіндік береді. Осы сервис түрі болмаған кездері пациенттер нәтижелерін 3-тен 14 күнге дейін күтетін. Қазір PACS84% диагностика жасау дәлдігімен күніне 300-ге жуық рентген түсірілімдерін өңдейді.

«Алматы жасанды интеллект зертханасы» ишемиялық инсультті ерте анықтау үшін CEREBRA жобасында жасанды интеллектті пайдаланады.

Инсультті медикаментозды емдеудің терапевттік уақыты 4,5 сағатты құрайды, осы уақыт аралығында диагнозды дұрыс қойып, емдеу түрін таңдау қажет. Терапевттік талдау уақыты шеңберінде бас миының зақымдану дәрежесін анықтап үлгеру мүмкін болса, дер кезінде емді бастап, мидың істен шығуының алдын алуға болады. Көбінесе инсульттің даму сатысын анықтау үшін копьютерлік томография түсірілімдеріндегі сұрғылт тоннан адам көзінің ерекшелігіне байланысты ондағы айырмашылықты анықтау мүмкін болмайды, ал жасанды интеллект оны 10 минутта жасай алады.

Ишемиялық инсультті анықтау үшін жасанды интеллекттің алгоритмі ең күрделі болып есептелетінін атап өткен жөн, өйткені анықтаудың жоғары дәрежесіне жеткен компаниялар әлемде көп емес.

Алматы қаласының 7-ші қалалық клиникалық ауруханасының бас дәрігері Манас Рамазанов атап өткендей: «Аудандық аурухана дәрігерінің онкологияның немесе ишемиялық инсульттің бастапқы сатысын анықтауға жеткілікті сараптамалық қабілеті немесе тәжірибесі болмауы мүмкін, ал цифрлық технологиялар бірден дұрыс диагноз қойып, пацентті мамандандырылған медициналық мекемеге шұғыл жеткізу шешімін қабылдауға көмектеседі. Сондықтан тар шеңберлі білікті мамандардың барлық пациенттерге тұратын жеріне қарамастын көмек көрсетуін қамтамасыз ету үшін барлық Қазақстан бойынша жасанды интеллектті қолданатын жобалардың ауқымын кеңейту өте маңызды».