Пандемия кезінде қалалық мобильділіктің өзгерісін ашық қолжетімділікте мониторингтеу

Пандемия кезінде қалалық мобильділіктің өзгерісін ашық қолжетімділікте мониторингтеу

Цифрландыру басқармасы Халықаралық қаржы корпорациясы (IFC) және Habidatum компаниясымен бірлесіп Алматы қаласының пандемия кезіндегі мобильділігіндегі өзгерістерді мониторингтеудің бұқаралық картасын іске қосуда

2020 жылдың мамыр айында Алматыда азаматтардың пандемия басталғанға дейінгі және пандемия кезіндегі белсенділігін бағалау мақсатында GPS-деректердің негізінде салыстырмалы талдау жасауға арналған жоба іске қосылған болатын. Осы алты айдың ішінде 2020 жылдың көктемінде пайда болған шығын және орта бизнесті дамытуға арналған жаңа «тартылыс аймақтарын» анықтау, саябақтар типологиясы мен «жасыл дәліздерді» әзірлеу мүмкін болды. 

Қалалық инфрақұрылымды жоспарлауда Алматы вело-қоғамдастығымен бірлесіп қаланың болашақ велостратегиясын әзірлеуге атсалысқан жобалау ұйымының үлесі зор. Бүгінгі күні AlmatyBike пайдаланушылары арасында көп сұранысқа ие веломаршруттарды модельдеу жұмысы өз нәтижесін беруде, бұл қаланың веложолдары/веложолақтарының желісін әзірлеу кезінде жақсы бастама болмақ.

Қала тұрғындарын гео-кеңістікті деректерді пайдалануға ынталандыру мақсатында жобаның серіктестері  COVID-19 кезеңінде қалалық мобильділіктегі өзгерістер көрініп тұратын бұқаралық картаны  іске қосты. Бұл құрылғы мобильділіктің  өзгеруі туралы тарихи деректерді қарауға, оларды қаланың инфрақұрылымын дамыту туралы шешімдер қабылдау кезінде талдау жасау үшін пайдалануға мүмкіндік береді.

Жобаны іске асыру бастамасын Алматы қаласының әкімдігі Еуропа және Орталық Азия өңіріндегі (IFC Қалалар) IFC «Қалалар» бағдарламасымен бірлесіп көтерген болатын, қазіргі таңда жобаны Швейцарияның Экономика жөніндегі мемлекеттік хатшысы (SECO) мен Австрия Федералды қаржы министрлігі бірлесіп орындап жатыр. Бастама қоғамдық көлік саласында көрсетілетін муниципалдық қызметтердің сапасын жақсарту, сумен жабдықтау, қалдықтарды басқару, «ақылды қала» технологияларын әзірлеу мақсатында климаттың өзгеруіне бейімделген тұрақты инфрақұрылымдық жобаларды іске асыруға бағытталған.

Жобаны іске асырушы – Habidatum компаниясы.

Жоба туралы толық ақпаратты осы жерден алуға болады.