2026 жылғы 11 қыркүйекте Алматы қаласы Цифрландыру басқармасында Алматы қаласы әкімі аппаратының Әдеп жөніндегі уәкілімен бірлесіп, Басқарманың мемлекеттік қызметшілеріне арналған түсіндіру іс-шарасы өткізілді.
Іс-шара барысында Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексінің, мемлекеттік қызмет саласындағы заңнаманың талаптарын сақтау, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарының алдын алу мәселелері қаралды.
Сонымен қатар мемлекеттік қызметшілер үшін белгіленген шектеулер мен тыйымдарды сақтау, құмар ойындарға қатысуға жол бермеу, діни қызмет саласындағы заңнама талаптарын сақтау, сондай-ақ әлеуметтік желілерді пайдалану кезінде жауапкершілік таныту мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Мемлекеттік қызметшілерге қызметтік әдеп нормаларын, Қазақстан Республикасының заңнама талаптарын сақтау және азаматтардың мемлекеттік қызметке деген сенімін арттыру қажеттігі түсіндірілді.