Әдеп пен сыбайлас жемқорлыққа қарсы нормаларды сақтау: Алматы қаласы Цифрландыру басқармасында мемлекеттік қызметшілерге арналған оқыту семинары өтті.

Әдеп пен сыбайлас жемқорлыққа қарсы нормаларды сақтау: Алматы қаласы Цифрландыру басқармасында мемлекеттік қызметшілерге арналған оқыту семинары өтті.

Іс-шара Алматы қаласы әкімі аппаратының әдеп жөніндегі уәкілі, қала әкімі кеңесшісі Ахетов Мамай Қаниұлы мен Цифрландыру басқармасының мемлекеттік қызметшілері арасында жүргізілді.

Семинарда нақты қызметтік тәжірибелер негізінде түрлі жағдаяттар қаралып, этика нормаларын және сыбайлас жемқорлыққа қарсы талаптарды сақтамаудың салдары нақты мысалдар арқылы түсіндірілді. Спикерлер Әдеп кодексінің басты қағидаларына тоқталып, әрбір мемлекеттік қызметшінің адал, ашық және жауапты әрекет етуі — тек өзінің ғана емес, бүкіл мемлекеттік органның беделіне тікелей әсер ететінін атап өтті. Қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға мамандар толыққанды жауап беріп, нақты кеңестермен бөлісті.

Іс-шара аясында мемлекеттік органдарда әділдікке негізделген ашық жұмыс мәдениетін қалыптастырудың маңыздылығы ерекше аталды. Сондай-ақ, мемлекеттік қызметшілердің құқықтық және этикалық сауатын тұрақты түрде арттыру — халықпен сенімді қарым-қатынас орнатуға және басқарма жұмысын жетілдіруге ықпал ететін негізгі құрал екені айтылды.

Алматы қаласы Цифрландыру басқармасы бұл бағыттағы жұмысты алдағы уақытта да жалғастырып, заманауи технологиялармен қатар этикалық нормаларды берік ұстанатын кәсіби мемлекеттік аппарат қалыптастыруға үлес қосуды мақсат етіп отыр.